ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

0

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «ALASH» өнер-білім орталығы ұйымдастырған III республикалық «ALASH STAR» өнер додасы өз мәресіне жетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы байқауға еліміздің әр түкпірінен 150-ге жуық күміс көмей, жезтаңдай әншілер  және шығармашылық ұстаздар қатысты. Солардың арасында  Саудакент  ауылдық  балалар саз мектебінің «Баян» аспабының жетекшісі Аяна Қабылова қатысты.

Жетекші  Аяна Қабылова бұл байқауға онлайн тіркеуден өтіп, кейін өз жұмысын, яғни,  «Әлем таныған –Абай» атты өз шығармасын жолдаған.  Осылайша, қазылар алқасы мен тыңдаушыларын ерекше шығармашылық жұмысымен таңқалдырған   жетекші А.Қабылова  байқаудың  «шығарма» номинация бойынша  1-орынды қанжығасына байлады.

Шәкірттерінің бойына өнер мен білімді, тәрбиені қатар дарыта отырып, қанаттары қаймықпай алысқа қағуына, биік шыңдарды бағындырып, әр байқауда оза шабуына ерекше үлес қосып, жүлделі орындардан көрініп жүрген «Баян» аспабының жетекшісі 1-дәрежедегі дипломмен  марапатталды.

С.Есқараев,

«Сарысу»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.