ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ТӘРТІБІ

0

ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі туралы» заңның 20 бабына сай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу,  бірінші кезекте осы заңның 21-бабында көрсетілген жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар тізбесін түгендейді. Бұдан әрі жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріледі.

Жылжымайтын мүлікке қатысты ешқандай мәселе туындамаса тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады. Сосын, тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы жоғарыдағы заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізіледі. Құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасалып, жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не аталған заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты шешім қабылдайды.

Заңның 9-бабына сәйкес (әрі қарай – Заң) тұлға құқық пайда болуының негізі болып табылатын заңгерлік фактісі түскен сәттен бастап алты айдан кем емес уақытта мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен баруы тиіс.

Заңның 9-бабында көрсетілген мерзімдердің жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бұзылуы ҚР ӘҚ кодексінің 460-бабымен қарастырылатын жауапкершілікке апарады:

1.Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы ескерту жасауға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 Г.Айнекова,

Талас ауданаралық

 Әділет басқармасының маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.