БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ АРАСЫНДАҒЫ СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бірінші Жолдауында қағидаларын іске асыру үшін бес іргелі міндеттер айқындалды: заман талабына сай тиімді мемлекет; азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қарқынды дамыған және инклюзивті экономика; әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі; қуатты өңірлер – қуатты ел.

Жолдауда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше мәселелер ерекше айтылды. Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың басты факторы ретінде сот және құқық қорғау жүйелерін терең реформалау қажеттілігіне назар аударылды. Қоғамда кеңінен таралып кеткен қылмыс түрлерін атап көрсетіп, Парламент пен Үкіметке жедел түрде ауыр қылмыстарға жазаны қатайтуды тапсырды. Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес те назардан тыс қалмады. Еліміздегі жоғары білімнің сапасына жеке тоқталып, орын алып отырған келеңсіз жәйттерді жойып, білім сапасын арттыруға күш салынатындығы жөнінде де айтылды. Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажеттілігіне де тоқталды. Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру негізгі қағидаты айқындалды.

Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог әрдайым халық арасында сұраныста. Жолдауда айтылған қоғамдық диалогтың мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел жауап беру деп ойлаймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.