ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘРДЕМАҚЫ – ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ БІР ТҮРІ

0

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына және Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 «Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен Сарысу ауданындағы тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.

Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 3 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

1)өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:

жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

2) электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):

бірден екі адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;

үш және одан да көп мүшелі отбасына – 400 киловатт.

Тұрғындар тұрғын үй көмегін алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына 1-қосымшасымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы және электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

Болат Үсембаев,

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.