«Сарысу ауданы әкімдігінің білім  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сарысу ауданы әкімдігінің білім  бөлімінің Балалар жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорлық қызметтік бос орнына ашық конкурс жариялайды.

0

 Конкурс  Жанатас қаласы Жібек жолы көшесі, №31 үйде өткізіледі.

«Сарысу ауданы әкімдігінің білім  бөлімінің Балалар жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жаңатас қаласында орналасқан.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары(жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогокалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымдағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер(орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).

 

Лауазымдық жалақы мөлшері

 

          Санаты            Қызмет атқарған еңбек өтілдеріне қарай
Бірінші немесе жоғары      Теңгеден           Теңгеге дейін
     101124            126405

 

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10275 болып тіркелген  «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Заңдарын  және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық

ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.

Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.

Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.

Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.

Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.

Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;

10) Сыбайлас жемқорлық сипатындақылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11). Тестілеуден өткендегі туралы анықтама

12). Біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджемент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурс Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінде өтеді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар) беруге құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы  хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына  мекен-жайға  тапсырылады:

 Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі, №31 үй кадр бөлімі. теле факс.6-12-16. телефон: 5-12-01, электондық поштасы: sarysu.bilim@mail.ru.

 

И.Баймағамбетов,

аудан әкімдігі білім бөлімінің  басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.