ӘДЕПТІ БОЛУ МІНДЕТ ЕМЕС, ОЛ ПАРЫЗ

0

Елімізде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілгеннен бері Әдеп кодекс әдептіліктің негізіне айналды. Неліктен мемлекеттік қызметкердің  әдептілік қасиеті аса маңызды. Себебі, Әдептілік — адам бойындағы ең маңызды қасиет. Әбу Насыр Әль-Фараби жазғандай — «Әдептілік — әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы». Халыққа қызмет етіп жүрген әрбір қызметкер, ол ең бірінші кезекте жеке тұлға.

Осы тұрғыда мемлекеттік қызметкердің  сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетін, әдептілігін  байқатып отырады. Оның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді. Бұл дегеніміз тек қызмет орнында ғана емес, қызметтен тыс уақытта, көпшілікпен қарым-қатынас жасағанда, өз ортасында болсын мемлекеттік қызметшіге әдепті болу міндет емес, ол парыз. Әдепті болу бірден бола қалмайды. Ол бірнеше жылдардың, қоршаған ортаның, тұлғаның өзіндік тәрбиесінің жемісі.

Еліміздің мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары мемлекет болуымызға қол жеткізудің нысаны болып табылады.

Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік қызметкері халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын тұлға болғандықтан әдеп нормаларын әркез ұстануы маңызды.

Ж.Иманбаев,

аудандық Қазынашылық

басқармасының басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.