ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТАР

0

Ғаламтор  желісі кеңістігінде алаяқтық жасаудың алдын алу мақсатында  аудан прокуратурасы ғаламторда алаяқтардың жиі кездесетіні туралы ескертеді.

Аудан прокуратурасы тұрғындарды онлайн платформалар арқылы тауарлар сатып алуда сақ болуды сұрайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, арам пиғылдылар тауарларды сату және айырбастау үшін әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларын пайдаланып, біреудің мүлкін ұрлауға кірісті. Жиі кездесетін алаяқтық — жоқ тауарларды нарықтан төмен бағамен ұсынып сату.

Сонымен қатар, пәтерлер мен автокөлік сатып алу саласында алдау жиі кездеседі. Бұл жағдайда жеңіл ақшаны ұнатушылар алдын-ала төлемді талап етеді. Ал сатып алушылар, сайттағы суреттермен ғана шектеледі. Біз желіде ақшаны көбейту үшін жалған есепшоттардың бар екендігіне, сондай-ақ салым қорларының пайдасына қарай дивидендтердің өсуіне назар аударамыз.

Осыған байланысты өте мұқият және сақ болуды ұсынамыз: сіз ешқашан банктік картаңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын ақпаратты бермеңіз, ешқашан ғаламтордағы тауарларға депозит жасамаңыз, сатып алу жасамас бұрын ғаламтор-дүкеннің беделін мұқият тексеріп шығыңыз. Ғаламтордағы күмәнді байқауларға қатыспаңыз, олар сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді, егер банктің бастамасы бойынша қоңырау шалынған болса, банк қызметкерімен сөйлесуден бас тартыңыз, мұндай жағдайда банк картасының артқы жағында немесе банктің ресми сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалыңыз.

Аудан прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.