Техникалық шығармашылық орталығында

0

Саудакент Техникалық шығармашылық орталығының әдіскері Ж.Жұматаевтың ұйымдас-тыруымен  Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында ұжым мүшелерімен жиын өтті.

Жиын барысында орталықтың психологы Г.Сәулебай  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Жолдауында туындайтын міндеттерге тоқталды.

Сонымен қатар,  бұқарамен  жұмыс бөлімінің меңгерушісі Н.Есмаханова Мемлекет басшысы-ның Жолдауында барлық жағдайлардың жан – жақты қамтылғанын және жаңа жобалармен тың бастамалар көтергенін, еліміздің жылдан-жылға өркендеп, дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, Жолдауды қолдауға шақырды.

Жиынға қатысушылар да өз ой-пікірлерін  ортаға салды.

А.Қыдыралиев, Саудакент Техникалық шығармашылық орталығының педогог

ұйымдастырушысы                

Leave A Reply

Your email address will not be published.