ӘДЕПТІЛІК

0

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасалып отыр. Олардың қызметтік әдеп нормаларын бұзбауын және оның алдын алуды Әдеп жөніндегі кеңестер жүзеге асырады. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта: жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге; қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға; өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

 Г.Айнекова, Талас ауданаралық  Әділет басқармасының маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.