ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

0

Карантин тәртібін сақтай отырып, Талас ауданаралық Әділет басқармасының маманы  Г.Айнекова Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің қызметкерімен бірлесіп, құқықтық ақпарат беру іс-шарасын ұйымдастырды.

Шарада Сарысу аудандық сотының судьясы Д.Кадерқұлқызы аудан тұрғынына әкелік құқығын таныту бойынша  заңгерлік көмек  беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жобалық кеңсе

Елімізде  туындап жатқан іңдетке байланысты карантин тәртібін сақтай отырып, Жамбыл облысы Әділет Департаменті Талас ауданаралық Әділет Басқармасы «ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесінің жұмысын жандандыруына орай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. басқарма маманы Г.Айнекова  «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС – нің қызметкерімен заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі, заңды тұлғаның есептiк тiркеуден шығару, сондай-ақ аудандық нотариус К.Аликулова, адвокат Г.Жүсіпалиева онлайн – кеңес арқылы тұрғындарға мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін, заң көмегін көрсету тәртібін, міндеттерін алуға құқығы бар тұлғалар, заң көмектерінің нысандары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.