Жаңашылдық көп

0

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына кезекті  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты  Жолдауын жасады.

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген  коронавирус пандемиясынан енді айыға бастаған тұста жасалған Жолдауда, Президентіміз Қазақстан халқы мен үкіметіне мемлекеттің болашақ дамуына тың серпін беретін жаңа қадамдардың жоспарымен таныстырды. Бұл жоспарлар ауыл шаруашылығы, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, елдің әлеуметтік даму саласына және мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру мәселелеріне арналады. Республиканың даму саясатын басшылыққа ала отырып жасалған бағдарлама әрбір қазақстандыққа жаңа міндеттер жүктейді.

Ә.Әбенов, Жайылма ауылдық өнер мектебінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.