Ұстаздар Жолдауды қолдайды

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі” атты биылғы халыққа Жолдауы еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде ғылым-білім саласын дамытудың маңызы бөлек.  Мемлекет басшысы әлеуметтік салада білім беру сапасын жақсартуға баса мән беру керектігін ерекше атады.

Президент Қазақстан халқына арналған жолдауында қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ отбасылық-демографиялық жағдайға, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне алаңдаушылық білдірді. Өз сөзін қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың соңғы жетістігі әрбір қазақстандыққа байланысты екенін атап өтті. Бәрі өзгеруі керек, өздері үшін жұмыс істеуі керек екендігінің маңыздылығын алға тартты.Сонымен қатар, жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлінетіндігі айрықша қуантарлық жағдай екендігін айтты.

Әлем алдында  елімізді жарқын етіп көрсететін білімді, білікті жастар болса, білім беру сапасының бір критерийі — шәкірттеріміздің еңбек нарығында кәсіптік қажеттілігі.  Қазіргі ғаламдық даму көшіне ілесу  үшін  білім беру жүйесі жаңа талаптарға бағытталуы тиіс.

Кез-келген кезеңдерде халықты рухани сусындатып, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың алатын орны ерекше және сол бір жоғары деңгейінен төмендемек емес. «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты» деп, о заманнан қасиетті халқымыз ұстаз болмайынша ешбір жаңарудың болмайтындығын ерекше айтқан болатын. Тура осы ұстаныммен Мемлекет басшысының әр сөзінен ұстаздарға деген басымдылықты байқауға болады. «Шәкірті жоқ ұстаз тұл» дейді дана халқымыз. Олай болса, ұстаздарымыздың мейлінше шәкірттері көп болуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жағдайының жоғары болуына ықпал етілуі керек. Осы тұрғыда жыл сайын ұстаздар жалақысына қосылып жатқан үстемелерді үлкен қолдау деп білеміз.

Қазіргі таңда жаңа бағдарламаға сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ұстаздар заманауи көзқараста білімдерін асырып, уақыт талабына сай шәкірттер тәрбиелеу үрдісін игеріп келеді.

Ел игілігі үшін атқарылып жатқан игі шараларға қолдау көрсету — азаматтық парыз.

Кенжегүл Сарсекова,

Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.