ӘКІМДІК САҒАТЫ

0

Кеше Сарысу ауданы әкімі Бақытжан Жақсылықов тікелей эфир арқылы әкімдік сағатын өткізді.

Аудан басшысы: — Биылғы жыл Конституцияның 25 жылдығымен қатар, Ассамблеяның 25 жылдығы, Әбу-Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы.

Бұл жыл – ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ.

Біздің басты ортақ құндылықтарымыз – Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтау болып табылады.

Баршаңызды айтулы мерекелермен құттықтай отырып, бүгінгі жиынымызды жақсы жаңалықтардан бастасақ.

Сарысу ауданында 176 адамның коронавирус індетін жұқтырған жағдай тіркелген. 176 науқас есептен шығарылды (100 %). Бүгінде есепте тұрған науқастар жоқ (0%). Барлық науқастар дерттерінен толық  айықты.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап індет жұқтырғандар тіркелмеген. Алайда, бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталған жоқ. Сондықтан карантин режимін сақтауымыз міндетті.

2020 жылдың 14 тамызындағы «Жамбыл облысы аумағында шектеу іс-шараларын кезең-кезеңмен әлсірету туралы» №32 қаулыға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар:

Жалпы ауданда 525 кәсіпкерлік нысан халыққа өз қызметтерін көрсетуде. Соңғы карантиндік шараларға байланысты жалпы нысанның ішіндегі 489 нысан шектеулі уақытпен жұмыс атқарса, 36 нысан мүлдем жабық болған (10 тойхана, 11 кафе, 9 сұлулық салондары, 6 монша). Ағымдағы жылдың 14 тамызында шыққан Жамбыл облысының Бас санитариялық дәрігері Г. Д. Надуевтың №32 қаулысына сәйкес, карантиндің шараларды жеңілдету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы бағытта ағымдағы жылдың 17 тамызынан бастап жабылған және уақыттары шектелген кәсіпкерлік нысандардың иелері «Сервистік Әкімдік» офисындағы мамандарға келіп, интернет порталда арнайы ашылған «infoKazakhstan» сайтына тіркелуі қажет етілді. Тіркелген кәсіпкер ашуға мақұлдама алған соң, арнайы мониторингтік топ нысанға барып санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, алгоритм бойынша жұмыс істеулеріне рұқсат беруде. Бұл жұмыс ұйымдастырылды.

Бүгінгі күнге аталған портал арқылы 65 нысан иесінің өтініші тіркеліп, рұқсат қағаздары берілді.

Соңғы қаулыға сәйкес бүгінгі күнге тек тойхана нысандарына, ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар және мешіттердің қызмет көрсетуге тыйым салынып отыр.

Ашылған нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуы алдағы уақытта тұрақты түрде  мобильдік топтардың тарапынан бақылау алынып, зерделеніп отыратын болады,-деді.

Тікелей эфир тақырыбы  «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өзегі». Тақырып аясында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сейілбек Шәкенбайұлы Дариябеков атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Келіп түскен сауалдардың барлығына  дерлік дер кезінде жауаптар берілді.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.