САРЫСУДА СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР БАР

0

Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу, еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыру міндеті қойылып, қарқынды дамыған және инклюзивті экономикаға тың серпін берудің нақты жолдары қарастырылғаны белгілі. Бұл орайда еліміздің даму стратегиясында, әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде тиімді және шағын орта бизнестің алатын орны өлшеусіз екені ешқандай талас тудырмайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік беретінін, шағын және орта бизнестің өркендеуіне кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс ретінде танылуы тиістілігін атап көрсеткен болатын.

Иә, микробизнес кеңінен өркен жайған тұста тұрақты жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздықтың азаяры, берік салық базасы құрылып, жергілікті қазына молая түсері анық. Бұл салаға Ұлттық қордан 100 миллиард теңге бөлініп, «Бизнестің жаңа жол картасы» шеңберінде алдағы үш жыл ішінде 250 миллиард теңгенің бағытталатыны нақ¬ты қолдаудың айқын мысалы болса керек.

Сонымен қатар бірқатар заңнамалық құжатқа түзетулер мен толықтырулар енгізілмек. Мә¬селен, 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға дейін тыйым салу туралы шешім өз күшіне енді. Мұның өзі бизнестің адал әрі заң талаптарына сай жүргізілуімен қатар кәсіпкерлердің қоғам мен мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, ауыртпалықтарды азайтуға септеседі.

2013 жылы Парламентте жергілікті өзін өзі басқаруға қатысты заң қабылданды. Ал 2014 жылы аталған заңға сәйкес жергілікті ұйымдардың құзырына жеке, табыс, мүлік пен көлік салығы берілді. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарына жергілікті деңгейдегі мәсе¬лелерді шешуде олардың пікірінің маңызды екенін түсінуге мүмкіндік бермек.

Жергілікті өзін өзі басқару бюджетін құрудың негізгі мақсаты – мәселелерді шешуде өзін өзі басқару органдарының дербестігін арттыру. Бұл ретте қоғамдастықтың жиналыстары мен жиындары арқылы нақты аумақ тұрғындарының мүдделері ескеріледі.

Бұрын бюджеттік жүйе үш деңгейде қарастырылатын. Яғни, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті және аудандық бюджет қана болды. Ауылдық округтер сәйкесінше аудандық бюджеттен қаржыландырылатын. Енді 2018 жылдан бастап жаңа бюджеттің IV деңгейі енгізілді. Бұл – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті. Яғни, бюджет жүйесі төрт деңгейлі болды. Біздің ауданда  бюджеттің IV деңгейіне барлық ауылдық округтер кірді.

Жалпы, осы заң жобасы аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге бағытталады. Жергілікті өзін өзі басқару бюджетін енгізу ауылдық округтердің қаржылық негізін нығайтуға, бюджеттің қаражатын халықтың мүддесіне сай тиімді бөлуге, ауылдық жерлердегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Халық бюджеттің қалай қалыптасатынын және қандай жергілікті мәселелерді шешуге жұмсалатынын білуі тиіс. Мәселен, жергілікті өзін өзі басқару органдарының қаржылай дербестігін арттыру үшін бюджеттің IV деңгейіне кезең-кезеңімен салық пен төлемдердің түрі берілді, ал шығыстар  бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бюджетті сапасыз жоспарлау ауылдық елді мекендердің дамуы¬на теріс әсерін тигізеді. Сондықтан әкімдіктер бюджет жобасын және жергілікті маңызы бар мәселелерді қарау кезінде жергілікті қоғамдастықтарды тарта  отырып, бюджетті сапалы жоспарлау қажет. Жергілікті өзін өзі басқа¬рудың өз кірістерін ұлғайту үшін кәсіпкерлік субъектілерге жағдай жасап, жеңілдетілген кредит және субсидиялар беру арқылы мемлекеттік қолдау көрсету керек.

Биылғы жылы   коронавирус індетінің таралуы салдарынан шағын және орта бизнеске едеуір қиыншылықтар алып келді. Соған қарамастан  ауданымызда   шағын және орта кәсіпкерлікте ілгерлеу бар.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 2 322, оның ішінен 1765 ауыл тұрғындары.

Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2736, атап айтқанда: тұрақты жұмыспен қамтылғандары   —  1220, қоғамдық жұмысқа жолданғандар  — 653,  жастар практикасы-238, мемлекеттік грант алғандар- 200,«Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту – 144, әлеуметтік жұмыс орындарына- 134,қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға    — 131, шағын несие алғандар- 16.

Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету. Бүгінгі күнге 131 азаматтың барлығы қысқа мерзімді оқуға жолданды. Қаралған қаржы — 39 495,0 мың теңге.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша:  2020 жылы ауылға 88 азаматқа 322 млн. 107 мың теңге шағын несие және қала тұрғындарына «Даму» қоры арқылы 5 адамға 32,5 млн.теңге беру жоспарланған.

Несие алуға жолдама алғандардың қатарынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 45 азамат жолдама алды. Мал шаруашылығын жандандыру мақсатында 16 адам несие алды. Игерілген қаржы — 57, 400 мың теңге. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.  «Даму» акционерлік  қоғамының қолдауымен 2-ші деңгейлі банктер арқылы  азаматтардың жобалары қаралуда.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2020 жылы кешенді жоспар бойынша 200 адам, қаралған қаржы 106 024,0 мың теңге.

Бүгінгі күнде 200 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Игерілген қаржы 106 024,0 мың теңге.

Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. 2020 жылғы Әлеуметтік жұмыс орындарына – республикалық бюджет есебінен жоспар — 100 адам, қаралған қаржы 21 125,0 мың теңге. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен жолданғаны – 134 адам, игерілгені — 11 418,0 мың теңге. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 41, тұрақты жұмысқа 32 адам қамтылған.

Жастар практикасын ұйымдастыру — республикалық бюджет есебінен жоспар — 279 адам, қаралған қаржы 111 342,0 мың теңге. Бүгінгі күнге республикалық бюджеттен жолданғаны — 238 адам, игерілгені – 53 327,0 мың теңге. Жастар практикасын аяқтағандар 74, оның ішінен тұрақты жұмыспен 63 адам қамтылған.

Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру:  жергілікті бюджеттен жоспар – 300 адам, қаралған қаржы 86 022,0 мың теңге. Республикалық бюджеттен жоспар – 700, қаралған қаржы 238000,0 мың теңге. Жыл басынан 653 азамат жолданды. Қазіргі кезде 397 азамат жұмыс атқаруда. Жергілікті бюджеттен игерілген қаржы – 58 402,0 мың теңге, республикалық бюджеттен игерілгені – 62 898,0 мың теңге.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 24 нысан бойынша 980 жұмыс орыны белгіленіп, оның ішінде 490 жұмыскерді жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдау жоспарланып 519 жұмыскер жолданды.

Әлемдік экономикаға кері әсерін тигізген  коронавирус пандемиясы кезінде  жұмыссыздықты азайту,  халықтың әлеуметтік экономикалық  жағдайын жақсарту  мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыспен қамту -2020 жаңа бағдарламасы  дайындалған болатын; Осы бағдарламадан туындаған  міндеттерді  жүзеге  асыру бойынша  Сарысу ауданында да  көптеген  жұмыстар атқарылуда.

Осы бағдарламаның аясында  біздің ауданға 24 жобаны іске асыру үшін 2 миллиард 924  млн. қаржы бөлінді.

Атап айтатын болсам білім беру  саласы бойынша  Ақтоғай орта мектебінің, Тоғызкенттегі «Жанна» балабақшасының, денсаулық сақтау  саласындағы  аудандық орталық аурухана, жұқпалы аурулар бөлімінің, Саудакент ауылдық  ауруханасы ғимаратының, Жаңатас қаласындағы №24, №26 үйлерді  қайта жөндеуге, Жаңаталап, Ұйым ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, Жаңатас қаласындағы жылу қазандығына жөндеу жұмыстарына, Ә.Бүркітбаев, Арыстанды, Жаңаталап, Жайылма, Қызылдихан, Ақтам, Үшарал, Майлыкөл, ауылдарында  ауыл ішілік  жолдарды жөндеу жұмыстарына, Маятас  ауылындағы «Бүркітті» суару арнасын, Ұйым ауылындағы «Сарыөзек», «Жаңа Кәрітоған» каналдарын жөндеу жұмыстарына және Жаңатас қаласы бойынша абаттандыру жұмыстарына қомақты қаржы бөлініп, қазіргі таңда  жоспарға сәйкес жұмыс жасалынуда.

Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі»  жобасы бойынша  Саудакент елді мекені осы жобаға кірген болатын.

Осы жоба шеңберінде  Саудакенттегі «Ақбота» балабақшасының ғимаратын күрделі  жөндеуге 234 млн. теңге, Жаңаталап орта мектебін жөндеуге 79 млн.  теңге, Саудакент ауылындағы жаңа спорт кешенін 260 млн.теңге, Саудакент ауылындағы 19 көшенің  жөндеу жұмыстарына 347 млн. теңге бөлініп отыр.

Қазіргі таңда жоғарғыда айтылған жобалар аясында  атқарылатын  күрделі  жөндеу, құрылыс жұмыстары бойынша мердігерлер анықталып, жұмыстар жасалынып жатыр.

Сонымен қатар  аудандық мәслихаттың  сессиясында  аудан әкіміне депутаттар тарапынан  бірнеше ұсыныстар түскен болатын. Атап айтар болсам, Жайлаукөл ауылындағы  ауыз су жүйесін қалпына келтіру, Тоғызкент ауылында спорт залын салу, Маятас ауылына  50 орындық мектеп салу, Саудакент ауылдық мәдениет  үйіне күрделі  жөндеу  жұмыстарын жүргізу, Шығанақ  ауылындағы кітапханаға жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ақтоғай ауылына  спорт алаңшасын салу , Жаңатас  қаласындағы көпқабатты үйлердің  алдын  жарықтандыру сияқты мәселелер.

Жоғарыда  айтылған  ұсыныстар бойынша аудан әкімдігі тарапынан жобалық –сметалық құжаттарды  дайындауға ( Маятас мектебі, Тоғызкент спорт мектебі,) және көтерілген мәселелер  бойынша  қаржы бөлініп отыр.

Аудан бойынша жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу, құрылыс  жұмыстарының уақытылы, сапалы жасалынуы атқарушы  биліктің, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінен  жасақталған бақылаушы топтардың қатаң бақылауында.

С.Бегеев, аудандық мәслихат хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.