ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ

0

Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні болып бекітілген.  Спорт саласы елімізде кең қолдауға ие. Республикадағы түрлі спорттарды дамыту аясында біршама істер атқарылуда.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдаған кезекті Жолдауында саламатты өмір салты және адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі болуы тиістігін атап көрсеткен болатын. Өйткені, саламатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық тамаша дәстүрлерді сақтау жас ұрпақ денсаулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етеді.

Бүгінгі күні салауатты өмір қазақстандықтарға аса танымал салтқа айналып келе жатқаны тегін емес. Спортшылар да күннен-күнге өз өнегелері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтап, спортқа ден қойған адамдар саны жылдан-жылға артып, спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.

Ердің ерлігі емес, елдің елдігі сыналатын байрақты бәсекеде абыройды асқақтатын – спортшылар екені баршамызға мәлім.

Бүгінде ауданымыздың спортшылары республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге қол жеткізуде. Толағай табыстарда жаттықтырушылардың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас. Келешекте біздің спортшылар жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт жерлестеріміздің күнделікті өмір салтына айналарына сеніміміз мол.

Қазіргі таңда ауданда бөлімге қарасты 1 бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығы және 5 балалар жасөспірімдер спорт мектептері және 2 аула клубтары бар.

Ауданда спорттық жаттығулар спорттың бірнеше түрінде атап айтқанда футбол, баскетбол, волейбол, шахмат, дойбы, бокс, каратэ-до, дзю-до, грек-рим, самбо, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, джуи джитсу, еркін күрес, көгалдағы хоккей жүргізіледі. Аталған спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушылар анықталып, аудан құрамасына іріктеу жарыстары өткізіліп келеді.

Бұқаралық спортты дамыту бағытында бүгінгі күні еліміздегі індетке байланысты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған үндеуіне, яғни жарияланған карантин кезеңіне байланысты, барлық спорттық іс-шаралар, жиындар, дайындықтар, насихаттау жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. Дегенмен, дайындық жаттығуларымен шағын жарыстар онлайн түрінде жүргізіліп жатыр.

Алайда жыл басынан бұқаралық спортты дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қарқынды жүргізіліп, бұқаралық спорттық іс-шаралар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізілуде. Атап айтсақ, ұлттық спорт түрлерінен және саламатты өмір салты бойынша жыл басынан бері 25 спорттық шара өтті. Оның ішінде ауылдық аймақтарда Саудакент, Жайылма, Тоғызкент ауылдарында өтті. Оларға 2000 аса адам қамтылған. Сонымен қатар кешенді спорттық іс-шаралар бойынша бір шара ұйымдастырылып, 756 адам қамтылған.

Жыл басынан Сарысу аудандық құрама командасының жетістіктерін айта кетер болсақ халықаралық (чемпионат, турнир) жарыстардан 3 алтын, 1 күміс, 4 қолаға қол жеткізді. Республикалық (чемпионат, бірінішілік, турнир) жарыстарынан 7 алтын, 6 күміс, 5 қола және облыстық (чемпионат, бірінішілік, турнир) жарыстардан 33 алтын, 31 күміс, 49 қола. Барлығы 43 алтын, 38 күміс, 58 қоланы иеленіп, жалпы 139 жүлдеге ие болды. Бұл қуантарлық жағдай.

Тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында елді мекендерде тұрғындарды қабылдау мүмкіндігіне қарай 180 спорт нысаны белгіленді. Оларда аудан тұрғындары тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін кесте жасалып, бекітілген. Оған Жаңатас қаласы бойынша – 59, ауылдық округтерде – 121 нысан жатады.

Жалпы  ауданда 181 спорт нысан, жеке меншік стадион 1, Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 1 спорт кешені бар, 110 спорт алаңша оның ішінде Жаңатас қаласында – 32, футбол алаңы – 26 оның ішінде Жаңатас қаласында – 6. 30 спорт зал оның ішіде Жаңатас қаласында – 12, орнатылған спорт зал – 13 оның ішінде Жаңатас қаласында – 4.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімінің арасындағы 2020 жылға арналған келісімдердің түйінді нысаналы индикаторлар тізбесі, тоқсандық көрсеткіш  бойынша бекітілген меже толық орындалып отыр.

Балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту бойынша ауданда 2020 жылдың ІІ-тоқсаны бойынша жалпы аудан мектептерінде оқушылар саны 8886 баланы құрайды. Оның ішінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылар саны — 7921. Осы оқушылардың ішіндегі спорт мектептерінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатыны 2636 бала және аула клубынан 120 бала жалпы 2756 балаға жетіп, 34,8 пайызды құрайды.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы тұрғындар саны 13769 адам. жалпы  31 пайыз  болып отыр.

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы жастар (14-29 жас аралығы) саны – 4910 (48,5 пайыз)

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жалпы кадрлардың қосатын үлесі зор, бөлім тарапынан кәсіби жаттықтырушы – оқытушылық кадрлардың біліктілігін арттыру оларды қайта даярлау жұмыстары басты назарда. Қазіргі таңда оқытушы-жаттықтырушылардың жалпы  саны 80, жоғарғы дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар саны 5, І дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар саны 4, ІІ дәрежелі оқытушы-жаттықтырушылар саны 26.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 2 наурыздағы  облыс әкімі Б. Сапарбаев төрағалық еткен ақпараттық кеңестің №31 хаттамасының 6 тармақ, 5 тармақшасына сәйкес ауылдық округтерде ауыл тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт жөніндегі инспектор (нұсқаушы) штаттық бірліктерін ашу қажеттілігі тапсырылған болатын. Қазіргі таңда аудан бойынша тоғыз округтің барлығына әдіскер-нұсқаушы штаттық бірліктері толық берілген.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы жаңалықтар мен базаларын нығайтуда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2020 жылға Саудакент балалар жасөспірімдер спорт мектебіне бір  «Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенін» салу жоспарланған құрылыс жұмыстары жүргізілуде және Өндіріс ауылында шағын футбол алаңшасы орнатылды.

Ағымдағы жылы бюджеттен республикалық, облыстық жарыстарға қатысу үшін 12,0 млн. тг, спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға 1,0 млн. теңге бөлініп, аудан спортшыларының спорттық жарыстарға қатысуына толық мүмкіндік қарастырылған.

Жыл басынан бұқаралық спортты дамыту бойынша іс-шаралар жиі өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ 18 қаңтарда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы кіші футболдан Жамбыл облыстық турнирі өтті.

24-27 қаңтар күндері бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Сарысу аудандық біріншілік, 24 қаңтар күні «Спорт денсаулық кепілі!» атты ұранмен 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында футзалдан өткен аудандық жарыс,  Жаңатас қаласындағы БЖСМ-нің ұйымдастыруымен 2020 Токио қаласында өтетін олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында «САЛАУАТТЫ ҰЛТ-САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ» атты ұранымен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Сарысу ауданының мектеп мұғалімдері арасындағы кіші футболдан аудандық турнир,  «100» шаршы дойбыдан 2001-2010 жылдар аралығында туылған және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасындағы Жамбыл облысы чем-пионатына Сарысу ауданының іріктеуі өткізілді. Спорттық шаралар ауданда әлі де тоқтаған жоқ. Олар әрине еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты онлайн түрінде өткізілуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұлттық ойындар мен қатар олимпиадалық ойын түрлері волейбол, футбол, баскетбол спорт түрлері бойынша ересектер, жастар құрама командаларын жасақтау мақсатында қала және ауылдық округтерде ұжымдық ойын түрлерін жиі өткізілуін спорт бөлімі тарапынан бақылауға қойылып, тиісті жұмыстар атқарылып тұратын болады.

Гүлнара Байбосынова,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.