«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

0

1.Субсидиялау, несиелендіру.

Несиенің нысаналы мақсаты — бизнес ашу, бар бизнесті кеңейту.

Несиенің мерзімі — 5 жылға дейін.

Несиенің ең жоғары сомасы —  180 000 000 тг дейін.

Несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 14,5% — оның ішінде 7,25% мемлекет субсидиялайды, кәсіпкердің төлеуіне 7,25% қалады.

Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады.

  1. Кредиттерді ішінара кепілдендіру.

Қалаған сомасына мүлігінің құны жетпеген кәсіпкерлер үшін, «Даму» АҚ арқылы ішінара кепілдендіру жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған.

  1. Гранттық қаржыландыру.

Жаңа бизнес – идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және 50 жастан асқан адамдарға өтеусіз негізде 3,0 млн.теңгеге дейін беріледі.

Жаңашылдық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолданылмайды.

  1. Өндірістік инфрақұрылымды жеткізу.

Шаруа қожалықтар мен өндірістік аймақтарға  және т.б. кәсіпкерлік  нысандарға қажетті инфрақұрлымдарды (электр қосалқы станциялары, электр энергия тарту, газдандыру, сутартқыштар, буқұбырлары, темір жол тұйығын салу, тарту, телефон желілері, су бұру, су тарту, септиктер) мемлекеттік қаражат есебінен тартуға мүмкіндік қарастырылған.

Аталған жұмыстарды жүргізгісі келетін кәсіпкер:

—        өтініш береді;

—        бизнес жоспар әзірлейді;

—        жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізеді;

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы

1)      Несиенің нысаналы мақсаты – мал шаруашылығын дамыту, бизнес ашу, бар бизнесті кеңейту, айналым қаражаттар үшін.

2)      Несиенің мерзімі — 5 жылға дейін.

3)      Несиенің ең жоғары сомасы — 8000 айлық есепті көрсеткішке дейін. Жаңатас қаласы үшін 16,4 млн. теңге.

4)Несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%.

Ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері үшін Тараз қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілсе, Жаңатас қаласының кәсіпкерлері Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады.

5)      Кепілдіктердің мөлшері-

Жетпеген кепілдік мүлік үшін «Даму» қоры ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін несие сомасынан 85%-дан аспайды, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін несие сомасынан 50% -дан аспайтын кепілдік береді.

 

«Береке — 4» бағдарламасы

1)Несиенің нысаналы мақсаты – бар бизнесті кеңейту, айналым қаражаттар үшін.

2)Несиенің мерзімі — 7 жылға дейін.

3)Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн. теңгеге дейін.

4)Несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8,5%.

Несиелік қаражаттар Тараз қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады.

Ескертпе!

Несиелер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы кредиттерді өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизге жатқызылатын өнім өндірісіне БЕРІЛМЕЙДІ.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕТІН МЕКЕМЕЛЕР

Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі: 8 (726 34) 6-22-42.

Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі: 8 (726 34) 6-15-25.

Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 8 (726 34) 6-18-47.

«Кәсіпкерлер палатасы» ҰКП Сарысу аудандық филиалы: 8 (726 34) 6-22-42.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік

және өнеркәсіп бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.