БАҒА ТҰРАҚТАНУДА

0

Аудан бойынша халық тұтынуына қажетті негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мен өсуіне жол бермеу мақсатында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі тарапынан Жамбыл ауданының «Шарипов» шаруа қожалығы және Тараз қаласының көтерме нүктелерімен келіссөздер жүргізіліп, аудан тарапынан ЖК «Сағындықова» оператор ретінде белгіленді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге төмендетілген бағада 24 тонна картоп, 9 тонна сәбіз, 4 тонна пияз өнімдері ауданға әкелінді.  Жаңатас қаласы бойынша 2 жерге қойылып халыққа сатылуда.

Негізгі азық-түлік тауарлары-

ның бағасын тұрақтандыру және өсуіне жол бермеу жұмыстары әлі де жалғасуда.  Алдағы уақытта Тараз қаласындағы тұрақтандыру қорынан халыққа тиімді төмен-детілген бағада  ұн, күріш, құмшекер өнімдері жеткізілетін болады.

«Сарысу -Ақпарат»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.