Спорт-денсаулық кепілі

0

Құрметті аудан спортшылары!

Қадірлі спорт саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан Республикасының Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен тамаша спорттық дәстүрлерді сақтау адамгершілікке тәрбиелеуге, ұлт денсаулығын жақсартуға, өскелең ұрпақты шыңдауға тікелей әсер етеді. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Еліміздің спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде.

Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Спортшыларымыз да күннен-күнге өз өнегелері арқылы дене шынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтаумен келеді.

Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!

С.Бегеев, аудандық

мәслихат хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.