Дауларды сотта қараудың ерекшеліктері

0

Аудандық соттың судьясы Ж.Төлепбергенқызы,  кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы А.Шымырбекова, бас маман, сот отырысының хатшысы Сейтбаев Олжас, бас маман Данярова Ғазиза,  жетекші мамандар Әметова Фариза, СҰлтанбеков Азаматтың қатысуларымен «Корпоративтік дауларды сотта қараудың ерекшеліктері» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Судья өз баяндамасында, корпоративтік дауларды шешу бойынша қалыптасқан сот практикасы туралы айтты. Атап айтқанда, ол осы санаттағы істер бойынша сот практикасының тұрақты екендігін, соттар материалдық және процестік құқықтың нормаларын түсіндіру мен қолдануда бірізділікті сақтап отырғандығын атап өтті.

Дей тұрғанмен, жергілікті соттар корпоративтік даулар субъектілері мен даулардың соттылығын анықтауда, заңды тұлғаның жалпы жиындарының шешімдеріне шағым түсірудегі тиісті жауапкерді белгілеуде құқық нормаларын қолдану бойынша бірқатар қиындықтарға ұшырап отыр. Бұған қоса, жерді пайдалану құқығы түріндегі қатысушының үлесін бөліп алу, ауылшаруашылық ұйымынан шығу барысында шартты жер үлесіне құқықтың болуы, ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдерін кепілге қою шарттарының кейбір түрлеріне шағым түсіру мәселелері бойынша біркелкі сот практикасы қалыптаспай отыр.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау өзекті әрі мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі саналады.

Іс – шара соңында қатысушыларға үлкен алғысын білдірді.

«Сарысу-ақпарат»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.