Қолдау көрсетуде

0

Аудан әкімінің бастамасымен,  ауылдық округтердегі жеке кәсіпкерлердің қолдауымен  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қымыз мұрындық» акциясы өз жалғасын табуда.

Бұл акцияның мақсаты елімізде төтенше жағдай кезінде  аудандық  орталық ауруханасында емделіп жатқан науқастарды  және ем көрсетіп жатқан  дәрігерлерге қолдау көрсету.

Акция аясында Түркістан ауылдық округ әкімі аппараты және ауылдық  жеке кәсіпкерлердің қолдауымен  50 литр қазақтың ұлттық сусыны қымыз аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, емделіп жатқан жандарға және ем көрсетіп жатқан дәрігерлерге тегін таратылды.  

Аудандық орталық аурухананың  хирургия бөлімінің меңгерушісі  Қайрат Төлеубайұлы:

-Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты  провизорлық орындар ашылған.  Бүгінгі күнде 42 науқас емделіп жатыр. Емделушілерге 50 медици-налық қызмет-керлер  көмек көрсетіп жатыр.   Ауырып жатқан науқастарға және  медицина қызметкерлеріне  аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен, ауылдық округтердегі кәсіпкер-лердің  қолдауымен  қазақтың ұлттық сусындары қымыз, шұбат өнімдері жеткізіліп, тегін таратылуда.   Осындай акцияны ұйымдастырып, қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға үлкен алғысымды айтамын,-деп аудан тұрғындарын індетпен күресуде ауызбіршілікке шақырды.

Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.