Игі бастама жалғасын табуда

0

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қымыз мұрындық» акциясы   апта ішінде  аудан әкімінің бас-тамасымен,  жеке кәсіпкерердің қолдауымен  ауданымызда өтуде. Бұл игі бастаманы  алғашқы болып Байқадам ауылдық округ әкімі аппараты,  жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылды.

Байқадам ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы  Мұрат Еспенбетов:

-Елімізде болып жатқан індет ауданымыздан да айналып өткен жоқ. Аудандық орталық ауруханасында емделіп жатқан науқастарды және ем көрсетіп жатқан дәрігерлерге  Байқадам ауылдық  жеке кәсіпкерлердің қолдауымен  25 литр қымыз, 35 литр шұбат тегін таратып берілді. Ауруханадағы емделушілер тезірек  жазылып, отбасыларына аман-есен оралсын. Бұндай игі бастама жалғасын табады деген сенімдемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді.

Орталық ауруханада ем қабылдап    жатқандар     осындай   акцияны ұйымдастырушыларға  қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғыстарын жаудырды.

Айта кететін жайт бұл бас-таманы ауданымыздағы әр ауылдық округ әкімі аппараттары жалғастырмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.