АУДАН ӘКІМІНІҢ ІССАПАРЫ

0

Қамқалы

Аудан әкімі Б.Жақсылықов және аудандық мәслихаттың хатшысы С.Бегеев жұмыс сапарымен Қамқалы ауылдық округінде болды.

Аудан басшысы жұмыс сапарында ауылдық округ әкімі аппаратында, округке қарасты 3 білім беру, үш денсаулық сақтау мекемелерінде және клуб үйлерінде болды.

Жайлаукөл ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Итеке» жерінде орналасқан ауыз су бас тоғанының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары қорытындысында Шығанақ ауылының орталығындағы «Сарыарқа» көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, осы ауылдағы медициналық пунктке ауыз су жүйесін тарту, Қамқалы ауылындағы Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектептің спорт залына және «Итеке» жеріндегі ауыз су бас тоғанына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тиісті мекемелерге тапсырма берді.

Жайлаукөл өңірінде жұмыс жасап жатқан «Миллениум Сокол» агенттігі ЖШС жұмысымен танысып, агенттіктің жұмысын жандандыру мақсатында біршама тапсырмалар берді.

Досбол

Аудан әкімінің кезекті жұмыс сапары Досбол ауылдық округінде жалғасты.

Аудан басшысы Бақытжан Жақсылықов пен аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев ауылдық округке қарасты 3 білім беру, 3 мәдениет, 3 денсаулық сақтау, 1 «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабының  жай-күйімен танысты.

Жұмыс сапары қорытындысында Досбол орта мектебіне газ кіргізу мәселесін қолға алу, Шағалалы ауылдық медициналық пунктіне құдық қазып беру, Досбол ауылдық клубының жылыту қазандығын жеделдетіп ауыстыру туралы тиісті мекемелерге тапсырма берді.

Үлкен Көкдала ауылындағы мектеп, кітапхана және медициналық пунктке жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарынан бірқатар кемшіліктер айтып, мердігерге тез арада қалпына келтіру жөнінде ескертті.

«Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-інде

Аудан әкімінің келесі іссапары «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-інде жалғасын тапты.

Қазіргі уақытта аудан әкімдігінің Түркістан ауылдық округінен берілген 233 гектар жер көлемі «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нің ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуына ықпал етпек.

Инвестициялық жоба аясында жергілікті халықтың жағдайын жасау мен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен серпін бермек.

Бұл Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауларындағы Отанға келіп жатқан инвесторларға қойылатын алғы талаптардың бірі.

Аудан басшысы Б.Алпысұлы  осы «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нде болып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.

Электр станциясының құрылысы 2020 жылдың төртінші тоқсанына қарай толығымен аяқталған соң, осында 40 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Жобаның құны-130 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Қуаттылығы 100 МВТ электр энергия-сын өндіреді деп күтілуде.

Бұл жел электр стансасы алдағы уақытта Орта Азиядағы желден электр қуатын өндіретін ең үлкен станса болмақ.

Жалпы жоба бойынша орнатылатын 40 жел турбинасының бүгінгі күнге 20-сы орнатылған. Сонымен қатар, әкімшілік тұрмыстық кешен құрылысы соғылып, аяқталды. Ендігі кезекте, қалған турбиналарды орнату барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін Қытай мемлекеті мамандарының келуі күтілуде. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 23 — Қазақстан азаматы және 66 — шет ел азаматтары жұмыс атқаруда.

Жоба тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмектерге тоқталар болсақ:

2019 жылы орталық ауруханаға жедел-жәрдем автокөлігін сыйлаған;

Промзона 2 мекенжайындағы тұрғын үйдің шатыры және 5 пәтерге жалпы құны 10,0 млн.теңгені құрайтын жөңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясын жалпы құны 19,0 млн.теңгені құрайтын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге 10 азық-түлік қорабы түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында жобаның екінші кезеңі «Шоқпар жел электростанциясы» жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда, жоба бойынша аудит жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт жасаспақ.

Осы стансада болған  Б.Жақсылықов мердігерлермен тілдесіп, алдағы жоспарларды талқылады.

Нағыз демалыс-еңбектенуде дейді ауылдықтар…

Жаймашуақ жаз – ауылдықтар үшін демалыс кезеңі емес. Қайнаған тіршіліктің уақыты. Бұл — түсінікті де… «Қыс шанаңды жаз сайлау керек!»

Иә, ауылдағы қарапайым жұрттың қарбаласы жыл он екі ай тоқтамайды.

Олардың қатарына Жон өлкесіндегі Ә.Бүркітбаев ауылының да тіршілігін қосуға болады. Шаруа-лар қазір мал азығын дайындауға кіріскен.

Жаз мезгіліндегі тағы бір ерекше науқан — ол асарлатып үй тұрғызу.

Бұл жұмыста жақындардың бауырмалдығы, ауызбіршілігі сыналады. Салтты сақтап, арасын суытпаған елдің алар асуы мол.

Кеше ауыл тұрғындарының қатысуымен Ә.Бүркітбаев ауылында асар өтті. Бүгінгі күні 100,0 мың теңгедей қаржылай көмек жиналуда.

Иә, ауылдағы бар жұмыс, бар тірлік тек қол күшімен атқарылады.

Әйтсе де, еңбекке піскен жандар үшін бұдан асқан бақыт жоқ сияқты. Тынымсыз тіршілік мұнымен де бітпесі анық.

Енді шөп шабу аяқталысымен, оларды алқаптағы жайқалған астық күтіп тұр. Шаруалар оны да дер кезінде төкпей – шашпай жинап алуға қам жасауда.

Дәрі-дәрмек жетіспеушілігі азаяды

Аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Лаура Игенқызы Нұрмаханова аудандағы дәріханаларды аралап шықты.

Дәріханашылармен тілдесіп, қажетті дәрілерді нақтылады. Тиісті орындардан халық қалтасы көтерер бағадағы дәрі-дәрмек әкелу үшін, дәріханалардағы ахуалды зерделеді.

Дәрі-дәрмек тапшылығы азаяр еді. Тапсырыспен керекті дәрілер келсе, індеттен тезірек құтылар едік деп аудан басшылығына ризашылықтарын білдірісті.

Жайылмалықтар жақсылық жасап  жарысуда

Дүниежүзіне төтеннен таралған індет — коронавирус пандемиясы мен пневмонияның белең алуына орай біздің елімізде де аурудың өршуі мен дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың жетіспеушілігі орын алғаны белгілі.

Осы орайда, Жайылма ауылының тұрғындары, ауылдан түлеп ұшқан азаматтар қысқа мерзім ішінде ауылға көмек ретінде ақша жинап, ауылдық амбулаторияға дәрі-дәрмек, температура өлшеу құралдарын сатып алып, жасанды тыныс алдыру аппараттарына тапсырыс берді. Осындай жүректері елім деп соққан жайылмалық азаматтарға мың алғыс.

Дала төсінде

Түркістан ауылдық округінде Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қ.Аманов пен аудан әкімінің орынбасары О.Көкей егін орағы науқанымен арнайы танысу мақсатында егіс алқабында болды.

«Мұрат», «Ырсай», «Бауыржан-К» шаруа қожалықтары мен «Саудакент-2019» кооперативінің егіс алқабында болды. «Мұрат» шаруа қожалығының төрағасымен тілдесіп, егін орағы барысын сұрастырды.

Осыдан кейін кооперативтің қысқы мал азығын дайындау барысымен де танысты.

Жылжымалы штаб

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылдық округтегі егістік алқаптарында егін орағын өткізу кезеңіне құрылған жылжымалы штаб жұмыс жүргізді.

Штаб жетекшісі аудан әкімінің орынбасары О.Көкей 7 шаруа қожалықтың егіс алқабында болып, олардың жай-күйімен танысты. Шаруалардың еңбегіне кедергі келтіріп жатқан мәселеде аудандық деңгейде көмек болатындығын жеткізді.

Дихандар өз кезегінде  егістік науқанына толық дайындықпен келгенін және қажетті жанар-жағар май қоры жеткілікті екендігін, сондай-ақ, қосалқы бөлшектерді алуда кедергі жоқ екендігін баяндады.

Жылжымалы штабтың келесі кездесуі алдағы аптаға жоспарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.