ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС-БАСТЫ МІНДЕТ

0

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекетімізге көп зиян тигізеді. Сонымен қатар осы уақытқа дейін жеткен орасан жетістіктерімізді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Бұл дерттің өршіп кетпеуі және болдырмау үшін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ол үшін жас буынға жемқорлықтың теріс салдары мен зияндылығы туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына тәрбиелеуіміз қажет. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін жастарымыз сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Еліміздегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді. «Nur Otan» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» делінген. Бұл жерде жас ұрпақтың құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік сезімін күшейту өте маңызды. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптастырылуын оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеуіміз керек.

Жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау саласының міндеті емес, сонымен қатар барлық  қоғамның міндеті. Менің ойымша, өз елінің дамуына үлес қосқысы келетін кез келген адамда бұл індетке қарсы иммунитет, яғни жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттері болу керек. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек.

Алмақтың да, салмағы бар. Жемқорлықтың жемі ас болмай, түбі қорлықта қалатындығын еліміздегі барлық азаматтарымыз, замандас-тарымыз, жастарымыз білсе деймін. Қорыта айтқанда, алдымен адам боп қалайық, ал заман өздігінен түзеледі. «Жемқор» деген өте жаман аттан аулақ жүрейік.

М.Есмұрзаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.