Аудан әкімі Б.Жақсылықов кездесу өткізді

0

Бүгінгі кездесудің бас-ты мақсаты, ауданымызда жүргізіліп жатқан сақтық шаралары, яғни карантиндік режимнің сақталуы. Сондай-ақ, осы індеттің алдын алу және болдырмау бағытында жұмыстарын жандандыру мақсатында  Аудандық «Коворкинг» орталығында сақтық шараларын сақтай отырып, аудан әкімі  Бақытжан Жақсылықов,  аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев  кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық және қалалық ардагерлер,  қоғамдық, алқабилер кеңестерінің төрағалары, Қазақстан халқы ассамблеясының аудандық өкілдері, «Таң-Нұр» Семей полигоны қоғамдық бірлестігінің, «Чернобыль» апатына қатысқан ардагерлердің және ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің жетекшілері қатысты.

Кездесуде аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов :

— Күллі әлемге жайылған жұқпалы індет елімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекет тарапынан карантиндік режим жағдайы жарияланып, қауіпсіздік іс-шаралар қолға алынды.

Халыққа түскен үлкен сынақ болып тұр. Залалсыздандыру іс-шаралары аудан көлемінде жұқпалы індетке қарсы белгіленген нормаларға сай жүргізіліп жатыр.

Дегенмен, қазіргі таңда қала мен ауыл аймақта жаназа рәсімі, беташар, құдалық сынды және т.б. адам көп жиналатын жиындар жиі-жиі өткізілуде.     Осы бағытта, аға буын ретінде біз халықты сабырлық танытуға, карантиндік режимді сақтауға шақыруға тиіспіз. Екінші жағынан сіздермен танысып, өздеріңіз басқарып жүрген қоғамдық кеңестер мен ұйымдар бойынша атқаратын жұмыстар мен жоспарлы іс-шаралар және проблемалық мәселелер болса, ақылдасып шешуге және тыңдауға дайынбыз.  Аулаларда жарық,  балалар ойнайтын  алаңшаларды қайта қалпына келтіруді  қолға алуды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деп, алдағы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

Кездесуде сөз алған аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қ.Жандарбеков :

-Қаламызға көгілдір газ құбыры тарту жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда көгілдір газ құбыр тарту жұмысы  тоқтап тұр. Осы жұмысты жандандыру қажет. Сондай-ақ  «үш алып» ғимаратын  қайта қалпына келтіріп, үйсіз жүрген жандарға берілсе,- деген ұсынысын ортаға салды.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орынбаев,  Қамқалы ауылдық округіне баратын жолды тұз таситын ауыр жүк көліктер құртып жатқанын, сол  күре жолға күрделі жөндеу жұмыстарын және Бүркітті каналына кейбір  тұрғындар нәжіс құбырын шығарып қойған.  Оны заң аясында тексеру керек деген пікірін айтты.

Одан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жұмаділдаев  Саудакент ауылында қазіргі таңда ауыз су екі сағат ағады. Соны қолға алып 24 сағат ағатындай жағдай жасаса деген ойын жеткізді.

Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы  Дәулетбаев Жақсыбек:

-Бірінші байлық-денсаулық. Аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері өз жұмысына салғырт қарайды. Ауырып қалған жағдайда жедел жәрдем шақырсаң  келуі қиын. Жедел жәрдем ішіндегі құрал-жабдықтар жоқ.  Осы мәселені қолға алсаңыз. Ұйым ауылында көше жөндеп жатқан мердігерлер  салынған асфальттың үстіне топырақ төгуде. Тазалаймыз деп айтады бірақ орындамайды. Осыған бір ескерту жасау керек,- деді.

Аудан әкімі Б.Жақсылықов айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жұмыс күндерінде  шешілу жолдарын қарастырылатынын айтты.

Сонымен қатар аудан әкімі Б.Жақсылықов, аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев   аудандық мәдениет үйінде, аудандық ішкі сая-сат бөлімінде, орталық кітапханада, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде болып,  алдағы жоспарланған жұмыстармен танысты.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.