Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олжас Көкейдің «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен құттықтауы

0

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!       

28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі.

Бұл — мерзімдік басылымдар арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырып, жоғары адамзаттық идеалды санаға сіңіретін мамандық иелерін біріктіретін мереке.

Бүгінгі заманда өмірімізді телевидение, радио, газет және басқа да электронды ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес. 

Баспасөз — билік пен халықтың дәнекері. Сол себепті, адам өмірін ақпарат құралдарынсыз елестете алмаймыз.

Біздің ауданда жергілікті бұқаралық ақпарат құралының бірден-бір көзі — аудандық «Сарысу» газеті. Газет ауданымыздың нағыз жылнамасы. Сарысулықтар үшін көкейтесті және жедел ақпарат көзі. Ұжымның шығармашылық ізденістерінің арқасында 3 мыңға жуық таралымы бар аудандық газет өз оқырмандарын қалыптастырған тарихы терең басылым.

Ауданымыздың руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін  көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, аянбай еңбек етіп келесіздер.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Мерекелеріңіз құтты болсын! 

Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Бегеевтің

«Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне» арналған құттықтауы

Құрметті баспасөз саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күні еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдары  азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. БАҚ қызметкерлері қоғам мен билік арасында пікір алмасуды және тиімді өзара байланысты орнату жолында еңбек етуде.

Алыс-жақын ел тұрғындарын бір-бірімен байланыстырып, ақпарат саласындағы жаңа технологияларды жетік меңгеріп, уақыт ағымынан қалмай, халыққа заманауи әрі сапалы қызмет ұсынып отырған байланыс саласы қызметкерлерінің де  қоғамдағы орны ерекше.

Өзекті де нақты ақпарат қоғамды дамытып, сана-сезімді қалыптастырады және мемлекетті нығайтады, осы бүкіл халыққа пайдасы мол жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке тілеймін! Мәртебелеріңіз биіктей берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.