ОБЛЫС ӘКІМІ ОНЛАЙН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0

Осы аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулет және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты.

Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін онлайн арқылы құттықтады.

Облыс басшысы: -Ақпараттың негізгі қоғамдық рөлі – халық пен билікті байланыстыру. Осы саладағы атқарып жатқан шаруаларыңыз көп. Халықтың проблемаларын ашық билікке жеткізудесіздер. Бүгiнгi жаһандану заманында байланыс пен ақпараттың алар орны ерекше. Осындай кезеңде сiздер халықты жедел ақпаратпен сусындатып, жаңалықтың жаршысына айналып отырсыздар. Билік пен халық арасын байланыстырушы алтын көпір екенін,-айта келіп,  елімізде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді халыққа жеткізуде ақпарат құралдары өкілдерінің үлесі зор екенін атап өтті.  Одан соң жиын барысында ардагер журналис-тер де өз құттықтауларын жеткізді.

Аудан әкімідігінің мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова да құттықтап, журналистердің жұмыстарына табыс, еңбектеріне жеміс тіледі.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.