ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

0

Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жоғарылау деңгейімен тығыз байланыс-ты. Өкінішке орай, республикамызда тұтынушылардың құқықтары әлсіз қорғалатыны байқалады. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылдың 17 маусымында Мемлекет басшысының жарлығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларымен Сауда және интеграция министрлігі құрылды. Осы жарлықты орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №497 қаулысымен Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның құрылымдық бөлімшелері Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері құрылды.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралуда. Шағымдардың қаралуының үш сатылы жүйесі жоспарлануда.

Осы үш сатылы жаңа жүйе туралы айта кетсек. Бірінші деңгейінде шағымды қарау міндетті түрде сатушыға ұсынылады. Сонымен бірге шағымды қарау үшін 10 күндік мерзім белгіленеді. Егер жосықсыз кәсіпкер тұтынушының шағымын қараусыз қалдырса, оны жауапкершілікке тартуға болады. Екінші деңгейде, шағым сотқа дейінгі дауларды шешу институттарына немесе уәкілетті органға жіберіледі. Бұл ретте, Заң жобасымен шағымдарды қарау мерзімдері мен жіберу тәртібі реттеледі. Сонымен қатар кәсіпкерлерді ынталандыру үшін, сотқа дейінгі реттеу институттарымен дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттелген жағдайда кәсіпкердің әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы қарасытырылған. Үшінші деңгей – сотқа шағым беру.

Мұндай жүйе көптеген дауларды бірінші сатыда, яғни мәселені сатушымен талқылау сатысында шешуге мүмкіндік береді, бұл сатушының қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін және сатып алушы алдындағы материалдық жауапкершілігін арттырады.

Тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлерге қатысты қолданылатын шараларға тоқталып кетсек. Бұл жағдайда субъектіге тікелей бақылау жасамай, алдын алу шаралары басымдылық болып табылады. Айыппұл салу мүмкіндігі жосықсыз кәсіпкер бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындамаса, содан кейін айыппұл салынуымен жауапкершілікке тарту туралы ескерту берілген жағдайда пайда болады. Айыппұлдың мөлшері тұтынушыға келтірілген бұзушылықтарға байланысты 10-нан 50-ге дейінгі АЕК мөлшерінде салыну жоспарланған, оларға: тұтынушының жазбаша шағымына Заңда белгіленген мерзімде жауап бермеу, тауарды айырбастамау немесе ақшаны қайтармау, тұтынушының құқықтарын қорғауы туралы кәсіпкерге, уәкілетті органға немесе сотқа дейінгі ұйымдарға (байланыс нөмірлерін көрсетіп) шағымдану мүмкіндіктері туралы ақпарат бермеу.        Сонымен қатар, Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне алдын алу мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығы беріледі: тұтынушыларға қол жетімді тауарларды (жұмыстарды, қызметерді) өткізу, сату орындарына бару; ҚР заңнама нормаларын ескере отырып, сату орындарында фото-, аудио-, бейнежазбалар жүргізу; тұтынушылардың сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру іс-шараларын жүргізу.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесінде оң өзгерістер әкеледі. Халықтың құқықтық сауаттылығы артады, сотқа дейінгі реттеу институттарының рөлі, кәсіпкердің әлеуметтік және материалдық жауапкершілігі артады. Сонымен қатар, тауарлардың, көрсетілетін жұмыстар мен қызметтердің сапасы жақсарады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сұрақтарға Сіз кеңесті 54-21-69 телефоны арқылы немесе Тараз қ., Әйтиев көш. 27 мекен-жайында орналасқан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен сұрай аласыз.

Б.Е.Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қомитетінің Жамбыл облысы департаментінің басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.