ҚАЗАҚ ТІЛІ — МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

0

Қазақ тілі – қазақ халқы үшін маңызды тіл. Ең басты тілі, ата баба тілі, ана тілі. Кешегі Абай өлеңін, Мұхтар әңгімесін жазған тіл. Бүкіл әлемді таңқалдырып, сонау Парижде шырқалған Балқадиша да қазақ тілінде. Әлі күнге «айналайын» деп еркелететін сөздің аудармасын өзге елдер таба алмай жүрген сөздің тілі.

Қазақ тіліне қазақ халқының махаббаты болмаса, оны өзге ұлт алып келіп бермейді. Әр сөзінің мағынасы өте терең, құнды, бағалы болған қазақ тілінің жойылып кетуіне жол берілмесін. Өз ана тілің бола тұра қалайша өзге тілде бұлбұлша сайрауға болады? Өз тілін құрметтей білмеген адамға құрмет жоқ деп білемін. Құрмет тек қазақ тіліме, құрмет тек ана тіліме, құрмет тек баба тіліме. Өзге тілді білгенмен өз тілін білмегендерге ұят болсын.

Барлық ақын — жазушылар өз тілін құрметтеген, өз тілі деп жанын берген, өз тілінің ұмытылып кетпеуі үшін тер төккен. Дастан жырларын да өз тілінде жазған. Ана тіліне деген құрметтерін солай білдірген. Қазақ ақындарының ана тіліне арнаған қаншама өлең шумақтары махаббатпен жазылған, жүректерінен шыққан.

Ана тілге деген махаббаты қазіргі жастардың да жүректерінен орын алса екен деймін. Иә, қазіргі заман талабы өзге тілді де білу шығар, бірақ сол тілде сөйлеп, сол тілде өмір сүру емес қой, өз тілін ұмытсын деген жоқ қой. Өзге тілді білсең де ана тіліңді олардан төмен қойма. Қай жағынан алса да мен үшін ана тілім, қазақ тілім мен үшін бірінші және биік орында.

Р.Өміралиев, Талас ауданаралық Әділет басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.