ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ОНЛАЙН ТҮРІНДЕ ӨТТІ

0

Талас ауданаралық Әділет басқармасында карантин тәртібін сақтай отырып, онлайн режим арқылы ауданның жоғарғы  заңгерлік білімі бар азаматтармен, адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттар санын және олардың адвокаттар қоғамдастығына кіруін арттыруға бағытталғанын түсіндіру жұмыстары онлайн-режим арқылы  өткізілді. Түсіндіру барысында Әділет басқармасының басшысы Р.Өміралиев Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» оның ішінде адвокаттық қызмет, адвокатураның мақсаты, құқықтары мен міндеттері, Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi және Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары туралы айтып өтті.

Семинар-кеңес

Талас ауданаралық Әділет басқармасында карантин тәртібін сақтай отырып, онлайн-режим арқылы халыққа қызмет көрсету орталығының, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті тексеру бөлімінің мамандарына  «Заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы» тақырыбында оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Оқыту барысында, тіркеу бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ тіркеу бойынша бастартулармен мерзімін тоқтату санын азайту және тіркеу қабылданатын құжаттарды сапалы орындау мәселелері талқыланды.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.