ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

0

Саудакент ауылында 1979 жылы салынған «Ақбота» бөбекжай балабақшасы қайта жөнделуде. Жөндеу жұмыстарын «Бер-Нұр-Тараз» ЖШС компаниясы жүргізуде. Айта кетер болсақ заманауи үлгідегі балабақшаның құрылысына Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылының тұрғындары жұмыспен  қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, екі жүз жетпіс бес баланы тәрбиелейтін балабақша құрылысына, ұлттық қордан тиісті қаржы бөлінген. Учас-ке бөлімінің бастығы Садықов Жеткерген Жұбайұлының пайымдауынша жөндеу жұмыстарының тоқсан пайызы аяқталып, алдағы уақытта кәріз жүйелері, су құбырлары және терезе мен еден жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар  мерзімі аяқталған асфальт жолдары жаңартылып, балалардың алаңсыз еркін ойнауына он екі беседка салынатынын тілге тиек етті. Айта кететін тағы бір жайт тамыз айында бөбекжай құрылыс жұмыстарының ұлғаюына байланысты, жұмысшылар қатарының саны екі есеге артпақ. Қарқынды жүріп жатқан балабақшаның жұмысы тамыз айының соңында  аяқталып, қыркүйек айында бүлдіршіндердің жаңа бөбекжаймен қауышатынын айтты.

Нұрлыбек Алтынбеков, ТарМУ университеті,

Web-журналистика бөлімінің 1 курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.