Көшпелі қоғамдық қабылдаулар қорытындысы

0

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға бағдар бере отырып, халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту мақсатында ауданымыздың бес ауылдық округінде қоғамдық көшпелі қабылдаулар өтті.

Жалпы қоғамдық қабылдау барысында аудан бойынша 70-ке тарта тұрғын ауылдық округ көлеміндегі шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Жаңаарықта тұрғындар  жер, жұмыспен қамту, ұялы байланыс, дәрігер қажеттілігі секілді оннан астам мәселе  көтерсе, оның біреуі қанағаттандырылып, төртеуіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бесеуі бақылауға алынды. Ал, Игілік, Жайылма, Байқадам, Жаңаталап ауылдық округтерімен қосқанда жалпы 70-тен аса сұрақ түсіп, оның 44-іне түсіндіру, 17-сіне бақылау, оншақтысына қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Аудан әкімінің баспасөз

 қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.