ҚҰЛАҒДАР БОЛЫҢЫЗДАР

0

Сіздердің ауылдық округке  қарасты аймақтарда  аса қауіпті  зиянды (итальян прусы)  шегірткеге  қарсы ауылшаруашылық  және  жайылымдық жерлерге  2020 жылдың мамыр айының  3 онкүндігінен бастап  жер үсті бүріккіштерімен  химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймын. Осы химиялық өңдеу жұмыстары  жүргізілген  өңірлерге 10- 15 күнге дейін  мал жаюға болмайды немесе сол жерден малды көшіру керек.

Сол себепті, Сізге  химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген өңірлерге мал жаюға болмайды және жүгері, жоңышқа,  бақша  егілген егістерді сақтандыру керек екендігін  хабарлаймын.

Н.Аханбеков, аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.