МАМАНДАР КЕҢЕСІ

0

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ, СЫПАЙЫЛЫҚТЫҢ ӨНЕГЕСІ БОЛУЫ КЕРЕК

Мемлекеттік қызмет халық сенім артатын мемлекеттік аппараттан тұратын жауапты іс. Оның жақсы жұмыс істеуі аппараттың біліктілігімен, кәсібилігімен, жауапкершілігімен және сапаға бағдарлануымен анықталады.

Мемлекеттік қызметшінің адал да, әділ іс-әрекетімен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен ашықтығына тигізетін әсері мол.

Жалпы, адамгершілік ол кез-келген мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше орын алатын мінез-құлық болып есептеледі. Мемлекеттік қызметші қызмет атқару барысында заңдарды басшылыққа ала отырып, ең алдымен адамгершілікті алдына қояды. Кез-келген тұлғаның мемлекеттік қызметшіге сенім артуы және оның тарапынан көмектің боларын сезінуінің өзі ол үшін үлкен мәртебе болуы тиіс.

Қазіргі уақытта елімізде мемлекеттік қызметшілердің профессионалды этикасын дамытуға баса назар аударылып, бұл персоналды басқару қызметін оңтайландырумен байланысты болып отыр. Осыған орай бүгінде этика, жариялылық, бақылау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидалары негізге алына отырып, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Бұл мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы артып, азаматтарды, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде қабылданған шаралар.

Қазақстанның даму стратегиясындағы басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетімізде кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Яғни мемлекеттік қызметшіде моральдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, адалдық, әдептілік қасиеттері болуы тиіс.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшінің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілетін қызметтің сапасына байланысты. Яғни, мемлекеттiк қызметшiлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі, мiнез-құлқының этикалық нормаларын сақтауы, халықтың мемлекеттiк билiк органдарына деген сенiмiн арттыруы, әдеп кодексiн қатаң сақтауы, көпшiлiк санасында кәсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастырады.

Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділет-тіліктің, сыпайылықтың өнегесі болуы керек.

Найля Төлеубекқызы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алайық

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен (әрі қарай-Департамент), әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауда жиі кездестіретін бұзушылықтардың бірі, ол:

1)    мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру;

2)    мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағына қайшы, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуға тең мүмкіндіктер берілмейді.

Яғни, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуына шектеу қойылып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беріледі.

Аталған бұзушылықтар лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 207-бабының 11-бөлігіне сәйкес бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

2019 жылы Департаментпен жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша 538 әкімшілік істер қаралып, жалпы сомасы 56,1 млн. теңгеге айыппұл салынды.

2020 жылдың қаңтар- сәуір айлары аралығында Департаментпен жоғарыда аталған бұзушылықтар бойынша 38 әкімшілік істер қаралып, жалпы сомасы 5,7 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Бұдан басқа, жиі кездесетін бұзушы-лықтардың бірі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12 бабының 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі болып табылады.

Көп жағдайда мемлекеттік мекемелер жосықсыз қатысушы деп тану үшін және тұрақсыздық айыбын өндіру үшін сот органдарына жүгінген жағдайда сот органдары жүгіну мерзімі өткенін негізге ала отырып, талаптары қанағаттандырылмай қалады немесе ішінара қанағаттандырылады.

Алайда, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беруі, ол әдейі немесе қасақана сотқа жүгінбеуі, әлеуетті өнім берушілерді яғни, ірі компаниялар және ірі жуауапкершілігі шектеулі серіктестерді жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмей, келесі мемлекеттік сатып алуға қатысуына шектеу қойылмайды.

Аталған бұзушылықтар лауазымды тұлғаларға Кодекстің 207-бабының 10-бөлігіне сәйкес отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

2019 жылы Департаментпен Кодекстің аталған бұзушылықтар бойынша 745 әкімшілік істер қаралып, жалпы сомасы 11,2 млн. теңгеге айыппұл салынды.

2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Департаментпен Кодекстің аталған бұзушылықтар бойынша 60 әкімшілік істер қаралып, жалпы сомасы 3,3 млн.теңгеге айыппұл салынды.

Жоғарыдағыны қорытындылай келе, мекеме басшылары мен қаржы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында, оларды уақтылы түзеуді, өз қызметтерінде тиісті заңнаманы дұрыс қолдану қажеттілігі туралы тағы еске саламыз.

А.Дуйсенбаев, Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы

Қатерлі індет масадан тарайды

Безгек плазмодияларының әр түрлері тудыратын, қоздырғышы трансмиссивтік механизммен берілетін, дене қызбасының циклдік қайталануымен,  ретикулды-гистиоцитарлық жүйенің зақымдануы, анемия, аурудың қайталануы болуымен сипатталатын жедел антропоноздық протозиялық  инвазия-ауруы. Инвазия  қоздырғышының көзі — ауру адам немесе паразит тасымалдаушы-Анафелес тобындағы масалар. Безгек індетінің микроскоп арқылы ғана көрінетін паразитті  ұрықтары  адам мен маса ағзаларында 2 цикл кезеңде өсіп өнеді. Біздің елдің барлық тұрғындары безгек қоздырғышын жұқтыра алады, инвазияны қабылдағыштары жоғары.

Безгек індетіне қарсы түрлі дәрі-дәрмектер қолданылады. Дер кезінде және дұрыс жасалған ем, ұстаманы бірнеше күннен кейін тоқтатады.

Масалар өсіп өнетін айдындарды, суаттарды тереңдетіп,тазалап  масалардың жетілуіне  жол  бермеудің  маңызы зор. Елді мекендердегі су айдындарына, тұрғын үйлер мен басқа да жайларға  залалсыздандырғыш  ерітінділер пайдалану қажет. Үйдегі терезелерге тор ұстап, масаханаларды, дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып, масалардың шағуына жол бермеген жөн.

К.Таңатарова, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.