ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ-ИГІ ІС

0

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»-деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну,  әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осындай қайырымды, атымтай жомарт жандар, жерлес кәсіпкер жігіттер  еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ауданымыздағы жалғыз басты және көпбалалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, бетперделерді тегін таратып беруде.

Сондай-ақ өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен  1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында ауданымызда ерікті жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен #Бізбіргеміз атты акциясы аясында 30 отбасыға қажетті азық –түлік үлестіріп берілді.

Көмек алған отбасылар қайырымды жандарға қиын-қыстау кезінде көмек бергендеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

«Nur  Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  М.Есмұрзаев өз сөзінде:

— 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында  #Бізбіргеміз акциясы аясында  ауданымызда игі істер жалғасуда. Аудан көлеміндегі  жомарт жеке кәсіпкерлер, Таңатбек Бейсенбеков,  Ақылбек Орынтаев, Еркебек Есмұрзаевтар өздерінің қаражаты есебінен 30 отбасыға азық-түлік пакеттерін берді. Елбасына күн туғанда жомарт азаматтар Мемлекет басшысының Үндеуіне қолдау көрсетіп, игі істер атқаруда. Карантиндік режимде көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсеткен қайырымды жандарға алғысым шексіз,-деді.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.