ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

0

Өткен аптада ауданымызға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаев жұмыс сапарымен келді.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің тапсырмасына сәйкес партия активімен кездесті. Актив жиналысына партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес, Партиялық бақылау комиссиясы, фракция жетекшісі және мүшелері, бастауыш партия ұйымы төрағалары  қатысты.

Кездесу барысында   «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарбаев сөз алып,  «Nur Otan» партиясы  тарапынан карантин кезінде көмек ретінде бөлінген қаражат туралы жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар Жамбыл облысында #Бізбіргеміз қор ашылғандығын, онда 7473 отбасына 50000 теңгеден көмек берілгендігі, бүгінде 2 -тізімі зерделенуде екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ, қаламыздың орталығында орналасқан «Бақытжан» азық-түлік дүкенінде болып, азық-түлік тауарлары қорының мөлшері, күнделікті халық тұтынатын азық-түлік ұн, қант, сүт, сұйық май, күріш, макарон өнімдері тағы басқа  тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында дүкен иесіне түсіндіріп, Үкімет бекіткен шекті бағадан асырмау қажеттілігін ескертті. Дүкен иесіне келушілерге тепловизор құрылғысын алу керектігін, аталған сауда орнындағы сатушыларға келушілердің арақашықтығы сақталу қажеттігін ескертіп,  бетпердесіз  дүкенге кіргізбеуін тапсырды.

#Бізбіргеміз акциясы аясында Жаңатас қаласы тұрғыны, асыраушысынан айырылған, көп балалы ананы келе жатқан мерекесімен құттықтап, азық-түлік себетін және гигиеналық заттарын тапсырды.

Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орта-лығының карантин кезіндегі атқарылып жатқан жұмыстары барысымен таныса келе атаулы әлеуметтік көмек алатындарға қосымша берілетін азық-түлік пакеттері мен гигиеналық заттарының құрамымен танысты.

Одан кейін, «KMF» банкінің жұмыс барысымен танысып, банк қызметкерлерімен тілдесіп, карантин режимін қатаң ұстауды бақылауға алу керектігін айтты.

Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға шақ тұрған «Сарысу сүт өнімдері» зауытын аралап, тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

Сапар соңында Саудакент ауылында пилоттық жобасы аясында салынып жатқан жылыжайдың мән жайымен танысты.  Саудакент ауылында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагері Қабыл Ібіжановтың  үйіне арнайы ат басын бұрып, келе жатқан жеңіс мерекесімен құттықтап, азық-түлік себетін тапсырды. Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.Ібіжанов құттықтап келген азаматтарға  ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.