БІЛІКТІ МАМАН

0

«Ауырып қалсам, өмірімді бірінші Аллаға екінші дәрігерге тапсырамын» деген қариялардың сөздеріне жас кезімізде таңырқап қалатын едік.Жас келе солай болатынын өмір көрсетті.

Біз әңгіме еткелі отырған Сарысу аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде еңбек етіп жүрген Досалиев Ержан Ордабекұлы Жаңатас қаласында дүниеге келген екен. Ата-анасы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Жарықбас ауылына қоныс аударып, 9-шы сыныпты Ержан сол жерде тәмамдайды. Ұлының білімге құштар екенін байқаған әкесі Ордабек Ержанның жолын байламайды. Жас бала содан соң Шымкент қаласындағы медициналық колледжден бірақ шығады. Осы оқу орнын 2010 жылы емдеу ісінің маманы ретінде ойдағыдай аяқтап, Түркістан қаласындағы қазақ-түрік университетінің медицина факультетіне оқуға қабылданып, 2017 жылы хирург мамандығы бойынша аталған жоғарғы оқу орнының толық курсын тәмәмдап шығады.

Мамандық иесі атанып кіндік қаны тамған туған жері Жаңатас қаласындағы аудандық орталық ауруханаға хирург-дәрігер болып қабылданады. Жас болсада Республикаға белгілі дәрігер, профессор Асқар Сатқанбаевтан білім алған Ержан практикалық тәжірибені аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Қ.Әжібеков, хирург-дәрігерлер М.Акимбаев, М.Жұмабаевтардан бойына сіңіре білді. Білімді де білікті хирург ретінде елге танымал болды. Өз ісіне адал, еңбекқор, кішіпейілділігінің арқасында қызметтестерінің арасында абыройға ие болды. Ержанның еңбегіне аурухана басшылары жоғарғы баға беріп «Мақтау қағазымен» марапаттады. Жуырда Сау-дакент ауылының айдай ару қызы Айдана Төлеутаевамен отбасын құрды. Айданада осы ауруханада учаскелік медбике болып еңбек етеді.

Ержанның әкесі Ордабек пен анасы Манат Жарықбас ауылында қарапайым қызметте. Ержанның бауыры Айжан қызымызда медицина саласында қызмет етеді екен, отбасылы.

Ержанға әрдайым қолың шипалы болсын, адамды емдеу және өмірін сақтап қалу  жолында Алла нұрын шашсын демекпіз.

Н. Есмаханов, Саудакент ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.