БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ Жамбыл облысындағы имамдармен кездесті

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек

Сапарбаев имамдармен кездесіп, өңірдегі діни ахуалды талқылады. Аймақ басшысы атап өткендей, қазіргі таңда облыста 350-ден астам діни бірлестік жұмыс істейді, олардың басым көпшілігі мешіттер.

Кез келген ілім бейбітшілік пен жақсылық идеяларын уағыздайды десек, осы орайда жергілікті дін қайраткерлері де Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға өз үлестерін қосуы тиіс. Сенім иелерінің, әсіресе жастар арасында сабырлық пен толеранттылық негіздерін  оқытуға ден қою керек.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бұл тұрғыдан келгенде діни нысандарды жеке қаражат есебінен салуға ешкім қарсы еместігі, алайда басты міндет ретінде – балаларға сапалы білім беру маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді міндетті түрде оқыту, оны қызмет барысында пайдалану жайы да назарға алынды. Имамдардың әр сөзі келушілер үшін үлкен рөл атқарады десек, олардың дайындық деңгейі мен өзекті мәселелері, шет елдерден жеткізілетін діни әдебиеттердің мазмұнына аса мән беру мәселесіне  көңіл бөлінді.

Облыстық дін істері басқар-масының басшысы Жангелді Омаров ҚМДБ-мен бірлесіп елімізде тыйым салынған діни ұйымдар мен ағымдардың жолын кесу бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінде қоғамда діннің ықпалы күн санап артуда десек, оған дәлел ретінде жұма намазға келетіндердің санының облыс бойынша 35 мыңнан 37 мыңға көбейгенін және олардың басым бөлігі жастар екенін айтуға болады.

Басқосу барысында облыс әкімі басқарма басшысының баяндамасын ортасынан тоқтатып, жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселесі мен мақсатын еске салды. Қалыптасып отырған жағдайды жақсарту үшін ведомство қандай қадамдар жасай алатындығын сұрады.

Мектептерде онлайн-дәрістер өткізіліп, теологтар мен журналистерден арнайы топтар құрылды. Қордай ауданында имамдар үшін қазақ тілін үйрету курстары ашылған. Алдағы уақытта онда басқару бөлімін құру жоспарланып отыр.

Облыс басшысы өңір бойынша 70 теологтың еңбек ететініне күмән келтіріп, бір аймақ қана емес, тіпті ел  көлемінде мұндай мамандардың санының болуы екіталай екендігін алға тартты. Сондай-ақ, басқарма ауылдағы мешіт имамдарының не туралы уағыз айтатындығын қадағаламайтындығын, дін көшбасшыларының көзқарастары бойынша зерделеу шараларын ұйымдастырмайтындығына  көңіл бөлді. Мемлекеттік ақпараттық саясат аясында жұмыстардың әлсіздігін тілге тиек етті.

Жамбыл облысының бас имамы Қанат Жұмағұлов дін қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойылып отырғанын айтып, ол бойынша ел мұсылмандары діни басқармасының сайтында танысуға болатындығын жеткізді. Қазақстан мұсылмандары діни тұғырнамасының «Жеті рухани қазық» қағидаттарын келушілер арасында насихаттап, оларды өзара қарым-қатынаста  қолдану қажеттігіне тоқталды.

Бердібек Сапарбаев діни жоралғыларды өткізу кезінде ысырапшылдықтан бас тартып, қарапайымдылық пен қайырымдылық шараларына көңіл бөлуге шақырды. Сондай-ақ, имамдар мешіт-терде айтылған әрбір сөз үшін жауапкершілікті сезініп,  қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға үлестерін қосу қажеттігін баса айтты.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бердибек Сапарбаев встретился с имамами

Жамбылской области

Во вторник, 10 марта, аким Жамбылской области Бердибек Сапарбаев встретился с имамами и обсудил религиозную ситуацию в регионе.

Он отметил, что в области функционируют более 350 религиозных объединений, подавляющее большинство которых мечети. Любое учение проповедует идеи мира и добра, местные религиозные деятели должны вносить свою лепту в укреплении единства казахстанского народа. Проповедовать среди паствы, в особенности молодежи, принципы терпимости и толерантности.

Никто не против строительства религиозных объектов за счет частных средств, но главная задача – дать детям хорошее образование, ведь Казахстан – светское государство. Другой вопрос – обязательное изучение государственного языка, его использование при несении службы. Вызывает вопросы и уровень подготовки имамов, содержание поступающей из-за рубежа религиозной литературы. Лишь пятая часть жамбылских имамов имеет высшее образование, а ведь их слово играет большую роль для прихожан.

Руководитель управления по делам религий Жангельди Омаров отметил, что совместно с ДУМК проводится профилактическая работа по пресечению деятельности запрещенных в стране религиозных организаций и течений. Влияние религии растет, о чем свидетельствует количество мусульман, посещающих пятничный намаз – их число выросло с 35 до 37 тысяч по области, причем большинство – молодежь.

Аким области вынужден был прервать бодрый доклад чиновника и напомнил о главном вопросе совещания – какие шаги предпримет ведомство для улучшения ситуации?

В школах проводятся онлайн-лекции, созданы специальные группы из теологов и журналистов. В Кордайском районе открыты курсы по изучению казахского языка для имамов. В планах – создать там же отдел управления.

Глава региона поставил под сомнение информацию о том, что в регионе трудятся 70 теологов. Такое количество специалистов вряд ли наберется в стране, не говоря об отдельно взятой области. Управление не следит за тем, что проповедуют имамы в сельских мечетях, не изучает мнение религиозных лидеров. Слабо проводится работа в рамках государственной информационной политики, резюмировал Сапарбаев.

Главный имам Жамбылской области Канат Жумагулов отметил, что перед служителями культа поставлены новые требования, с которыми можно ознакомиться на сайте духовного управления мусульман страны. Необходимо пропагандировать и использовать в общении с прихожанами принципы духовной платформы мусульман Казахстана «Жеті рухани қазық».

Бердибек Сапарбаев призвал отказаться от расточительности при проведении религиозных обрядов, скромность и есть добродетель. Необходимо помнить об ответственности за каждое слово, сказанное в религиозном храме, беречь мир и спокойствие в казахстанском обществе.

Пресс-служба акима Жамбылской области

Leave A Reply

Your email address will not be published.