ҮЗДІК ОЙЫН КӨРСЕТТІ

0

1 наурыз — «Nur Оtan» партиясының құрылған күніне орай партия аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында волейболдан турнир өтті.

Турнирде аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев, «Nur Оtan» партиясының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Тыныштық Бектөреева құттықтау сөз сөйлеп,  спортшыларды  мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі.  Сонымен қатар «Nur Оtan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев партия күніне орай бірқатар партия белсенділерін марапаттады.

Турнирге 16 бастауыш партия ұйымдарынан 16 команда қатысты. Нәтижесінде, I-орынды «Наурыз», II-орын-ды «С.Мұқанов», III-орынды «Түркістан» бастауыш партия ұйымдары иеленді.  Жеңімпаздар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен бірқатар ойыншылар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.