Онкүндікте

0

Абай – дана қазақта

Саудакент ауылдық балалар саз мектебінде халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дана қазақта» атты тәрбие сағаты өтті.  Аталмыш тәрбие сағатында мектеп мұғалімі Келбет Оңдасынқызы кемеңгер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала келе, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру басты міндет екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, оқушыларға Абайдың жан-жақты екенін, классик, аудармашы, дана, ағартушы, философ қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы екенін түсіндірді. Мектеп оқушылары «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңдерін жатқа айтты. Видеоролик арқылы 32-ші қара сөзі тыңдап, ақынның орыс әдебиетіндегі И.А.Крыловтың аударған «Қарға мен түлкі» мысалын интерактивті тақтадан мульт-фильм жанрында тамашалады.

Сондай-ақ, тәрбие сағатында «Абай дана – қазақта» атты тақырыпта кітапханашы Құралай Тиынбаеваның кітап көрмесі көрсетіліп, библиографиялық шолу жасалды. Тәрбие сағат соңында ақынның «Айттым сәлем Қаламқас» әнін  қыл қобыз аспабында  Ұлжан Қабыл  тамылжыта орындады.

Өзін-өзі тану-адамгершілік әліппесі

Біз ХХІ –ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүріп жатырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысына сай біліммен қатар  адамның ішкі рухани байлығында қажет етеді. Осы орайда Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында үстіміздегі жылдың 2 ақпаны мен 12 ақпан аралығында Сарысу орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндік 8-10 сынып оқушыларының концерттік  қойылымымен ашылып, пән мұғалімі Д.Мусаева онкүндіктің мақсаты мен жоспарын оқушыларға таныстырды.

Онкүндік барысында мектеп кітапханашысының ұйымдас-тыруымен «Мейірім төккен ана»  тақырыбында кітап көрмесі өтті. Сонымен қатар 6-7 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында өлең айту сайысы өтті. Сондай-ақ мектеп тәлімгері «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізсе, 6-7-8 сынып оқушылары флеш-моб биледі. Осы онкүндік аясында пән мұғалімдері Д.Мусаева мен Қ.Қияшовтың «Мен әлемді сүйемін», «Өмір негізі», «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге отбасынан» «Қызығы толы бұл әлем» тақырыптарында ашық сабақтары өткізді.

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Талас ауданаралық Әділет бас-қармасының ұйымдастыруымен  Жаңатас көпсалалы колледжінде  құқықтық мәселелер бойынша ерікті заңгерлермен   «Nur Otan» партиясы   аудандық филиалының консультанты М.Пірімбек, «Жас-тар ресурстық орталығы» КММ-нің директорының орынбасары С.Тоқбанов, мемлекеттік аға сот орындаушы Г.Байзақова, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция майоры С.Кенжебаев және басқарма қызметкерлерінің  қатысуымен  халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Аталған іс-шараның мақсаты –  құқықтық көмек көрсету және кеңестер мен заңнама нормаларына  түсініктемелер беру.

Қойылған сұрақтар бойынша азаматтарға кеңестер беріліп, көтерілген мәселелер бойынша оңды шешімдер табу.

Жарайсың

Жуырда Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшысы Сұлтан Бейбарыс 2005-2007 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Жамбыл облысының чемпионатында 35 келі салмақ дәрежесінде облыстың чемпионаты атанып, аудан намысын қорғап қайтты.

Мықты отбасы – тұғырлы мемлекет

Жаңатас көпсалалы колледжінде «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында және отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Мықты отбасы – тұғырлы мемлекет» атты жастармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық соттың судьясы Д.Кадерқұлқызы, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Л.Абдрахманова, медиатор А.Сабанбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы, психолог Ж.Қыстаубаева қатысты.

Кездесу барысында, аудандық соттың судьясы Д.Кадерқұлқызы «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жайлы толығырақ түсіндірді.  Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің бас маманы Л.Абдрахманова некеге тұру және неке бұзу, хал актілерді тіркеу жайлы ақпарат берді. Медиатор А.Сабанбаев отбасының жанжалдық жағдайдағы алғашқы жасайтын қадамдар мен оларды шешу жолдарын айтты. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аға инспекторы, психолог Ж.Қыстаубаева «Жанұя орталығының» қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Кездесуде жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ, жастар аталған жобаны қолдап, алдағы уақытта отбасы құндылықтарын, жанұя бірлігін берік сақтап, егеменді еліміздің тұғырлы мемлекет болуына өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Гүлнара Байбосынова,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.