РЕДАКЦИЯ ПОШТАСЫНАН

0

Әл – Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы

Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен,  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған  «Әл – Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы»  атты тақырыптық кеш өтті. Іс-шара барысында  оқушылар ғұлама ғалымның шығармаларын мәнерлеп оқыды. Кешті жүргізуші қатысушыларды дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын   Әл-Фарабидің еңбектерінен, оның өмір жолынан, ғылымға қосқан үлесімен таныстырып өтті.

Жеңімпаз атанды

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің  ұйымдастыруымен  Алматы қаласында  мұғалімдердің мәртебесін көтеру, идеялар алмасу  мақсатында ұйымдастырылған «Педагогикалық идеялар» фестивалінде Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Ағайша Кенбаева республикалық конкурстың  III дәрежелі дипломымен марапатталды.

Туған тілім – тұғырым !

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлылығын таныту мақсатында Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Туған тілім – тұғырым!» атты тақырыптық кеш өткізілді. Кеш барысында мемлекеттік тіл болып табылатын, еліміздің барлық аймағында, барлық қызмет саласында қолданыстағы — қазақ тілінің мәртебесі жайлы кең ауқымда әңгімеленді. Қазақ тілі мемлекеттің ажырамас бөлігі және символы, халықтың ұлы жетістігі екендігін кеш жүргізушісі  түсіндіріп жеткізді. Оқушылар тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар шара барысында Саудакент ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары Н.Дүйсенбиева, З.Ниязбекова, Ж.Ахажанова, Ұ.Хасанова, Н.Халықовтар  патриоттық әндер шырқап,  қазақ тілін құрметтеуге, оны үйренуге шақырды.  Ерекше патриоттық сезімде өткен кешке қатысушылардың  өн бойларында тілге деген құрметін арттырып, еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін ұялатты.

Пилоттық жоба

Студенттерге «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мүмкіндіктері түсіндірілді. «Отбасылық сот» пилоттық  жобасы Сарысу аудандық «Бастау» жұмыс тобымен бірлесе отырып Жаңатас көпсалалы колледжінде «Берік отбас тұғырлы мемлекет» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Кездесуге аудандық АХАЖ бөлімінің өкілі Л.Абдрахманова, медиатор А.Сабанбаев, прокурор  Қ.Қойшыбаев, психолог Ж.Қыстаубаева қатысты.

Семинар барысында студенттерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдерге қатысты қылмыстарды, тұрмыстық дауларды және тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және олардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылар өзара пікір алмаса келе, жоғарыда аталған қылмыстардың алдын алу үшін мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып жұмыс тобын құру қажеттілігін қолдады. Сондай-ақ, студенттерге «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында отбасындағы туындаған дау-жанжалды сотта немесе соттан тыс татуластыру рәсімдері арқылы шешу мүмкіндігі де түсіндірілді.

Азаматтық қабылдау

Аудандық соттың төрағасы М.Үркімбаев «Nur Otan»  партиясы аудандық  филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар тарапынан  түрлі сұрақтар қойылып, оларға сот төрағасы М.Үркімбаев заң талаптарына сай толық жауаптар берді.

Барлық туындаған сұрақтарға  толық жауаптарын алған азаматтар көрсетілген  құқықтық көмек пен жылы қабылдау үшін сот төрағасына алғыстарын білдірді.

Ашық есік күні өткізілді

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Жаңатас қаласы №16 Өрт сөндіру бекетінің ғимаратында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға гарнизон бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Даулбаев және Жаңатас қаласы №16 Өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау майоры С.Исмаилов және Абылай хан атындағы мектеп-лицейі мен Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шарада гарнизон бастығы А.Даулбаев сөз сөйлеп, аудандағы өрт жағдайын, кездесу мақсаттарын және Азаматтық қорғаныстың маңыздылығын және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау туралы айтты.

Содан соң, мектеп оқушыларына ғимарат бойынша экскурсия ұсынылып, өрт бекетінің өрт-техникалық жабдықтарымен таныстырылды.

Сондай-ақ, оқушылармен 2020-2021 жылдарға Көкшетау техникалық институтында оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық топ Байқадамда

аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен құрылған арнайы топ Байқадам ауылдық округі тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде топ мүшелері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен АӘК жаңа тәсілдері туралы таныстырып өтті. Іс-шара барысында енгізілген жаңалықтарға қатысты бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел

Талас ауданаралық Әділет Басқармасында  «Терроризм және экстремизм» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға аудан сотының бас маманы А.Шымырбекова, мемлекеттік сот орындаушы  Г.Байзақова және заңды тұлғалар қатысты. Іс-шара барысында Талас ауданаралық инспектор Г.Айнекова қатысушыларға терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттары мен мақсаты, терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі, террористік іс-әрекеттің алдын алу, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын түсіндіріп өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.