ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

0

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары О.Көкейдің төрағалығымен  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөнінде жиын өтті.

Жиынға   Қазақстан Республика-сының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаметтінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау  басқармасының бас маманы Руслан Шарипов, мекеме, кәсіпорын басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиында Қазақстан Республика-сының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау  басқармасының бас маманы Руслан Шарипов   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды слайд арқылы түсіндіріп берді.

Жиында қатысушылар  көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.