АЛА ДОП ШЕБЕРЛЕРІ БАҚТАРЫН СЫНАДЫ

0

Өткен аптада Жайылма ауылының  1984 жылғы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен   Б. Тоғызақбаев  атындағы спорт мектебінде  Қ.Дуанбеков пен М.Хидуановты еске алуға арналған  кіші футболдан ересектер арасында  аудандық турнир өтті.

Жарыста  Жайылма ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов,  аудан әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Бегалиев,  Қ.Данбеков пен М.Хидуановтың туған-туыстары сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 10 команда қатысып, кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде,  Б.Серікбаев  командасы 1-орынды қанжығасына байласа, М.Есжанұлы командасы  2-орынды иеленді. Ал, А.Әшімов командасы  3-орынды қанағат тұтты. Тартысты өткен жарыс-та Е.Сайлауұлы үздік ойыншы және Е.Нәкенов үздік қақпашы атанды.

Жарыс соңында  жеңімпаз командаларға аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдары және ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жеңімпаз атанды

Жуырда  Ақмола облысы Шучинск қаласында  грек-рим күресінен 2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында  Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жаңатас қаласы балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы Р.Ахметовтың шәкірттері қатысып, облыс және аудан намысын қорғады. Атап айтар болсақ   45 келі салмақ дәрежесінде  боз кілемде белдесіп 2-орынды иеленіп,  Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алдағы маусым айында өтетін жасөспірімдер арасында  Тайлант елінде грек-рим күресінен өтетін чемпионатқа жолдама алды.

Сәулет Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.