Халықаралық стандартты құру

0

«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің әкімшілік директоры В.С.Бугаев   Ресейдің  «ЮРГПУ» жоғары оқу орнындағы « ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бастамасымен университетке оқуға жіберілген алғашқы студенттермен кездесті.

«ЕвроХим -Қаратау» ЖШС-нің В.Бугаев  білім алып жатқан студенттердің  қал-жағдайларымен танысты. Сондай-ақ қазақстандық студенттер оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысып, «ЕвроХим» ЖШС-нің өкілдеріне өздерінің болашақ кәсіби қызметі Минералды-химиялық компания кәсіпорындарындағы жұмысына қатысты сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, В.Бугаев   жоғарғы оқу орынға саяхат жасау барысында  аудиториямен, сыныптармен, спорт және демалу орындарын аралады.

Одан кейін «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің әкімшілік директоры үшін әлеуметтік саясат және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жөніндегі ЮРГПУ проректорымен кездесу ұйымдастырылды.

Әкімшілік директоры Владимир  Бугаев, Е.Б.Журченко,  ректордың міндетін атқарушы Ю.И.Разореновпен, университет басшылығымен  сұхбаттасу барысында «ЕвроХим» ЖШС-і Новочеркасск политехникасымен одан әрі жемісті жұмыс жасайтындығына сенім білдірді.

— «ЕвроХим» МХК « АҚ персонал жөніндегі директорының м.а. В.Г.Барановский қазақстандық жастарды осы жерде оқытуды ұсынды. Міне, көп жыл бойы «ЕвроХим» компаниясы  осы университетте кадрлар даярлауда.    Бұл он екі бала болашақ айтишниктердің, логистердің, технологтардың, механиктердің, кеншілердің құзыреттіліктері бойынша талап етіледі. Алдағы уақытта біз олардың кәсіби бағдарын егжей-тегжейлі анықтаймыз.

«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-гі Жаңатас қаласының әкімдігімен бірлесіп он бірінші сынып оқушыларын университетке түсу емтихандарына дайындау бойынша кешкі курстар ұйымдастырды. Болашақ талапкерлердің бейін-дік пәндер бойынша өз білімдерін арттыруға және жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Компания қаржыландыратын кәсіпорын басшылығы мен болашақ мамандардың тілдік құзыреттілігі назардан тыс қалмайды. Қазақ тілінің студенттері ағылшын тілі бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеруде,-деді.

Кездесу соңында «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің  әкімшілік директоры В.С.Бугаев пен қосымша білім беру директоры И.И.Ревин келісімшартқа қол қойды.

Айта кететін жайт  үстіміздегі жылы Жаңатас қаласынан 12 бала ЮРГПУ студенттері болып, тегін оқуға мүмкіндік алды. Компания басшылығы келесі жылы тағы 20-30 қазақстандық бала Новочеркасск политехникалық отбасына қосылады, ал оқуды аяқтағаннан кейін олар туған қалаларына оралып, «ЕвроХим» компаниясының қызметкері болады.

«ЕвроХим-Қаратау»

ЖШС баспасөз орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.