АБАЙ ӨЗІНІҢ ТУҒАН ХАЛҚЫМЕН МӘҢГІ БІРГЕ

0

«Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы».

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында осылай деп жазды. Абайды ұлықтау тойлау үшін емес, ой-өрісті кеңейтіп, рухани тұрғыдан даму үшін қажет. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде қазақтың болмыс-бітімі, тұрмысы, мінезі, жалпы тұтас бір ұлттың рухы көрініс табады.

«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған», — деді Қ.Тоқаев.

Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.

Абай өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.

Абай бірлік, тұтастық, ынтымақ алдымен қазақтың өзінің ішінде болуы керек, содан кейін барып біз сол арқылы адамзатты сүйетіндей, адамзатты бауырымызға тартатындай биік дәрежедегі интеллектуалды халық болып қалыптасуымыз керек деген дүниені Президент өзінің мақаласында ерекше мән беріп айтқан. Иә, ынтымағы берік, өмірі бейбіт елдің ғана болашағы бар. Жалпы адам жайлы өмір сүріп, білім алып, ұрпағын тәрбиелеу үшін еңбек етуі керек. Ал енжарлық, жалқаулық, масылдық туралы Абайдан асырып айтқан адам жоқ. Білімнің қажеттілігін Абайдың көп өлеңінен оқисыз. Данышпан дінді де, заңды да, адамгершілік пен азғындықты да түсінгенге жеткізіп айтты. Ендеше Мемлекет басшысының Абайға құлақ асайық дегенін тек қолдау керек.

Лаура Нұрмаханова,

аудан әкімінің орынбасары.

Абай туындылары-ел мұрасы

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын газет-журналдардан оқып шықтым.

Бұл мақала қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды. Мемлекет басшысы осы мақаласы арқылы  Абай Құнанбаевтың шығармашылығына ел назарын аудартып  әлемдік  биік тұлғаның туындылары арқылы қоғамның рухани интеллектуалдық деңгейін  көтеруді көздейді. Абайдың гуманистік идеялары – адамзат өркениетін байытудың негізі. Халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарын Абай арқылы насихаттау керектігін айтты. Расымен де ұлы Абай әлемдік деңгейдегі тұлға десек те оның шығармаларының бүкіл дүниежүзілік дәрежеде әлі де кеңінен таныла қоймауы бізді қатты ойландыруы керек. Жалпы, біз мынаған аса мән беруіміз керек. Абай – бір ру, өңір немесе елдің ғана ақыны емес, Ол – адамзаттың ақыны.  Осы мақаланы қолдап, насихаттауға шақырамын.

Асылбек Саттаров,

ауданның Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.