ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

0

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімі Қ.Мәдібектің  төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі болып өтті.Бірінші болып «Аудан көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлықтың қорытындысы туралы» аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Алтишев хабарлама жасады.

Е.Алтишев өз сөзінде Жаңатас қаласы мен ауылдық округтерде  мекемелер мен кәсіпорындар өздеріне қарасты аумақтарда сенбілік өткізумен қатар Республикалық ағаш отырғызу акциясына  қатыса отырып, аудандық  маңызы бар автожолдардың бойындағы қоқыстарды үнемі тазалап отыратындығын айтты.

Сонымен қатар, аудан бойынша  2019 жылдың 21 қыркүйегі күні «Біз таза елді қолдаймыз» экологиялық қозғалысы аясында және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және Табиғи ресурс-тар министрлігі іске қосқан «Бірге Таза Қазақстан» акциясы аясында «Экологиялық ұйымдар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған бүкіл дүние жүзілік акция өтті. Акция барысында тиісті деңгейде сенбілік ұйымдастырылып, аудандағы әр мекеме өзіне белгіленген аумақтар бойынша күзгі  абаттандыру, санитариалық тазалық  және сыртқы безендіру жұмыстары жүргізілген.

Күзгі екі айлыққа қала және ауылдық округтер бойынша абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарында барлығы 4057,4 мың теңге игерілген.

Күзгі екі айлық барысында толық атқарылмаған және алдағы уақытта орындалуды қажет ететін жұмыстарға  бөлім басшысы арнайы слайд арқылы   тоқталып өтті.

Елді мекендер мен  Жаңатас қаласында   қатты қалдықтарды   жинау мен реттеу  соңғы кездері    едәуір қиындықтар  тудыруда. Әсіресе  Жаңатас қаласында келеңсіз жайттар   көп орын алды. Осыған орай аудан әкімі Қ.Мәдібек келер жаңа жыл қарсаңында  жаңалық жасайтын болды.   Таңмен таласып    тазалық жасайтын  жұмысшылар жалақысы  келер жылдан  бастап  100 мың теңге жалақыдан кем болмайтынын  хабарлады.  Сондай-ақ елді мекендердегі  аяқталмаған сақалды құрылыстар мен бұзылған, аяқсыз қалған объектілерді тазалап, қалпына келтіруді округ әкімдері мен қала әкіміне тапсырды. Мәжілісте елді  мекендердегі  полигондарды  қоршау мәселесі де  назардан тыс қалған  жоқ.  Басты жаңалық алдағы жылы  Жаңатас қаласының тазалығын сақтайтын жаңа мекеме  бәсекелестік негізде пайда болмақ.

Мемлекеттік автокөліктерге GPS орнатылады

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Сақыпбековтың  «Аудан әкімдігі бөлімдері және Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарындағы орындаушылық  тәртіп туралы» баяндамасында  біраз мәселелер ортаға салынды.

ҚР  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында бірінші басшылар азаматтарды және заңды тұлғалардың  өкілдеріне жеке қабылдау жүргізуге міндетті делінген.

Алайда,  аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық бөлімі  және Түркістан, Тоғызкент, Дос-бол ауылдық округ әкімі аппаратында  карточкалар, тіркеу журналы толық рәсімделмеген.

Карточкалары бола тұра жер қатынастары бөлімі мен Жаңаталап, Игілік ауылдық округ әкімі аппаратында «Азаматтардың өтініштері» базасында, яғни «Айқын» базасында тіркеу шаралары жүргізілмеген.

Баяндамада айтылғандай   осындай кемшіліктер  қызмет көрсетудің басқа түрлері  мен де  аудан әкімдігінің бөлімдері мен округ,  қала әкімдеріне де қатысты болып шықты.

Ең басты мәселе мемлекеттік автокөліктерге  GPS орнату болып отыр.  Мұның өзі  бос жүрістердің  санын азайтып,  сапалық көрсеткіштерге  қол жеткізуге  мүмкіндік тумақ.

Мәжілістегі айтар жаңалық  аудан әкімі Қ.Мәдібектің  айтуынша 80-нен астам  қызметтік пәтерлер  өздері жұмыс істейтін мекеменің балансына берілмек. Жыл сайынғы ағымдағы жөндеу, соңынан жекеменшікке  шығару да сол мекеменің құзыретінде болмақ.

Мәжіліс күні тәртібіндегі мәселелер бойынша арнайы қаулылар қабылдады.

Ж.Өзбеков, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.