Аудан әкімі Қ.Мәдібектің 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтауы

0

Құрметті сарысулықтар!

Баршаңызды халқымыз үшін ерекше маңызға ие мереке — Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні.

Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздігімізді баянды, егемендігімізді еңселі ете білді.

Еліміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді басқаруының нәтижесінде тарихи табыстарға қол жеткізді. Бүгінде, халықаралық қауымдастық Қазақстанды өңірлік көшбасшы, тату көрші, сенімді әріптес ретінде құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуін оң бағалауда.

Басқарудың президенттік формасы мен тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылдық тәжірибесі біздің ел үшін тиімді болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен аз ғана уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы — мемлекеттік идеологияны айқындайтын бас-ты құжатымызға айналып, жаңа міндеттер алдымызға қойылды.

Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте — Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты. Барша әлем Қазақстанды Елбасымыздың дана, әрі дара саясаты арқылы таниды десек артық айтқандық емес.

Сарысу ауданы да Қазақстанның басқа аймақтарымен бірге егемен еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсара түсуде. 

Бұл істердің барлығы — ел бірлігінің, ағайын татулығының арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Қадірменді жерлестер!

Сенім мен ізгі тілектің бастауы болған — Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiн!

Еліміздің болашағы — баянды, келешегі — кемел болғай! 

Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Тарихы тереңде жатыр.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сол жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялады. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды.

Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы ерекше. Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтады. Оларды қолдау үшін барын салады.

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, болашақ ұрпақтарымыздың өсіп-өркендеуін тілеймін. Тәуелсіздігіміз жасай берсін, Ел даңқымыз асқақтай берсін!

С.Бегеев,  аудандық мәслихат хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.