Сарысу ауданына қарасты Қамқалы ауылдық округі Қамқалы ауылындағы Аэропорт және Жайлаукөл ауылының Механизатор көшелерінің тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №1 ХАТТАМАСЫ

0

Қамқалы ауылы                                                                                            22.11.2019 ж.

Сағат: 09:30-да

Жиналыс төрағасы: А.Исабаев – Қамқалы ауылдық округінің әкімі.

Жиналыс хатшысы: Н.Жабалбаев – Қамқалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Жиналысқа қатысқандар:

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны — 7 адам.

Аэропорт көшесінің тұрғындарының саны – 4 адам.

Механизатор көшесінің тұрғындарының саны- 8 адам.

Күн тәртібі:

Сарысу ауданы, Қамқалы ауылдық округі, Қамқалы ауылындағы Аэропорт көшесін Бірлік көшесі және Жайлаукөл ауылындағы Механизатор көшесін Достық көшесі деп қайта атау туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша А.Исабаев, Қ.Баушенов, Ж.Қанатбеков сөз сөйледі.

А.Исабаев, Қамқалы ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиынға Қамқалы ауылының Аэропорт көшесінен 4 тұрғын, Жайлаукөл ауылының Механизатор көшесінен 8 тұрғын және 7 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр. Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы  8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-1-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көше атауы өзгертіледі. Осыған орай, көше тұрғындары табиғат ерекшеліктері ескеріле отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Қ.Баушенов, Аэропорт көшесінің тұрғыны: Кешегі Кеңес үкіметі заманында ауыл тұрғындары аудан орталығы Байқадамға және облыс орталығына самолетпен қатынаған. Көшеміздің жоғарғы жағында Аэропорт болуына байланыс-ты ел аузында Аэропорт аталып кеткен көшеміздің атауын ауылымыздың дамып өркендей беруіне және бірлігін мызғымастай сақталып тұрсын деген ниетпен Бірлік көшесі деп атауды ұсынып отырмыз.

Ж.Қанатбеков,  Механизатор көшесінің тұрғыны: Бұл күндері Механизатор атауы мағынасын жоғалтқандықтан, көше атауын қазіргі заман талабына сай Достық атауымен қайта атауды ұсынамын. Жайлаукөл елді мекені құрылғаннан бас-тап әр түрлі ұлт өкілдері ауылымызда мекен етті. Ауылымыздың өсіп өркендеуіне өздерінің үлестерін қосып,  достық қарым-қатынаста болды. Бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындары бір-бірімен достық қарым қатынастарын бұзбай, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сондықтан, Достық атауын Механизатор көшесіне берулеріңізді сұранар едім.

А.Исабаев,  Қамқалы ауылдық округінің әкімі: Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-1 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қамқалы ауылындағы Аэропорт көше-сін Бірлік атауымен қайта атау туралы:

Қолдағандар – 11;

Қарсы — 0,

Қалыс — 0 адам.

Жайлаукөл ауылындағы Механизатор көшесін Достық атауымен қайта атау туралы:

Қолдағандар – 15;

Қарсы — 0,

Қалыс — 0 адам.

Қамқалы ауылдық округінің әкімі А.Исабаев ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қамқалы ауылындағы Аэропорт көшесі – Бірлік, Жайлаукөл ауылындағы Механизатор көшесі — Достық деп қайта атау ұсынысын көше тұрғындары бірауыздан қолдағандығы туралы жария етті.

Қамқалы ауылдық округінің әкімдігі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округі Қамқалы ауылындағы мағынасы ескірген Аэропорт көшесі – Бірлік, Жайлаукөл ауылындағы мағынасы ескірген Механизатор көшесі – Достық деп қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

Жиналыс төрағасы:           А.Исабаев

Жиналыс хатшысы:           Н.Жабалбаев

Leave A Reply

Your email address will not be published.