МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ

0

Өткен аптада аудандық әкімдікте Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мәтен Мәди Мейірбекұлының және ауылдық округ, әкімдік бөлімдерінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен кездесу болып өтті.

Жиында аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің басшысы Н.Кенешбаева төрағалық етті. Н.Кенешбаева жиналысқа қатысушы-ларға күн тәртібіндегі мәселелерді айтып өтіп, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының 2019 жылғы 21 қазандағы №695-Ж/Қ-М бұйрығымен Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болып Мәтен Мәди Мейірбекұлы  тағайындалғандығы туралы хабарлап, қысқаша таныстырып өтті.

Аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Н.Кенешбаева өз кезегінде ағымдағы жылдың 9 айда ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталып, баяндама жасады.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мәди Мейрамбекұлы жалпы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында, қоғамдық жұмыстан тыс орындарда өздерін ұстау үлгісі, әдеп нормаларын сақтау, жеке қасиеттерін дамыту, жетілдіру, мемлекеттік қызмет саласының имиджін, сапасын жақсарту және көтеру қажеттігіне тоқталып, нақты мысалдар келтіріп, сонымен қатар мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына баса назар аудару керектігін айтып өтті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі әр мемлекеттік қызметші өзінің отбасына, туыстарына, халыққа үлгі болуы қажеттігін, халық сеніміне жету, әділ әрі қарапайым болуы қазір осы саладағы басты бағыттың бірі екендігін назарға алуы шарт екенін айтып, М.Мейірбекұлына ауданымызға арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, сұхбат жүргізгені үшін аудандағы мемлекеттік қызметшілер атынан алғысын жеткізді.

Гүлнара Байбосынова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.