ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

0

Сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де  түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қатаң қадағалануда. Құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында көптеген жұмыстар мен іс-шаралар жүргізуде.  Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін  сондай-ақ болдырмау мақсатында әрдайым қызметкерлер арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.  Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні бесенеден белгілі. Ең бастысы адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына заң мен шындыққа, сайып келгенде, билікке деген сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы болып табылады. Сол себептен мұндай кеселді мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен ғана жеңе аламыз. Жемқорлықпен күресті бүкіл халық болып қолға алсақ қана жеңуге болады деп білем.

Г.Байзақова, аудандық Әділет басқарма басшысының міндетін атқарушы

Хабарландыру

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарындағы тұрғындарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесін құру үшін, техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 3-13 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі КММ

2003 жылы туылған ер азаматтар үшін

ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ ТІРКЕУ

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабының аясында және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің  «Әскери міндеттілер мен әскери шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығында айқындалған жыл сайын қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркеуге тұратын 2020 жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі. Осыған байланысты Сарысу ауданынан басқа аудан, қалаларда оқып білім алып жүрген Сарысу ауданының тұрғылықты 2003 жылы туылған ер азаматтары әскери есепке тіркелу үшін Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келіп, тиісті құжаттарды өткізіп, әскери есепке тіркеліңіздер.

  1. Жеке куәлік көшірмесі, ЖСН;
  2. Туу туралы куәлік көшірмесі;
  3. Аттестат (куәлік) көшірмесі;
  4. Оқу орнынан анықтама;
  5. Оқу орнынан мінездеме;
  6. Көлемі 3х4 см төрт фотосурет;
  7. Отбасы құрамының анықтамасы.

Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.