ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАРА НАРЫ

0

Жаңатас көпсалалы колледж кітапханасы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен  жазушы Ә.Кекілбаевқа 80 жыл толу мерейтойына арналған  «Ә.Кекілбаев-қазақ әдебиетінің қара нары» атты 02-19 тобының қатысуымен оқырмандар конференциясы өтті. «Ұлт руханиятының алып  бәйтерегі» Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына кітапхана қызметкері Іңкәр Саспақова тоқталып өтті. Жазушының «Махаббат мұнарасы» романына аудандық кітапханашы Ақжарқын Жанжолова, екінші бөлімі «Шыңырау» шығармасына кітапханашы Луиза Рахымбаева кеңінен тоқталып, әңгімелеп берді. Жазушының «Заманға айтпай, маған айттың бар зәріңді ақын дос» атты өлеңін 04-17 тобының студенті Арайлым  Оңғарова және «Теңіз жағасындағы ой» өлеңін 04-17 тобының студенті Татубайқызы Әсем үлкен тебіреніспен оқып берді. Жазушының «Үркер» романына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Райхан Рахимова қысқаша тоқталып, Ә.Кекілбайұлы-еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын, қайталанбас құбылыс,ол-феномен, ол-тұтас әлем, қазақтың бірегей дана, дара жазушысы деп, алдағы уақытта студенттерге бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қазақ жазушыларының кітаптарын, шығармаларын оқуға шақырды. 02-19 тобының студенті Әділ Рамазан жазушының өлеңін оқып берді.Кеш соңында «Әбіш әлемі» кітаптар көрмесіне кітапханашы Сандуғаш Абдирова библиографиялық шолу жасады.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.